Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында республикада сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі және тұрғын үй қатынастары саласында 2,9 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді – бір жыл бұрынғыдан бірден 16,8% артық, деп хабарлайды ranking.kz.

Саладағы барлық әкімшілік құқық бұзушылықтардың 38,5%-ы нысандар мен олардың кешендерін жобалау құжаттамасы жоқ немесе белгіленген тәртіпте сараптамадан өтпеген жобалық құжаттама бойынша салуға қатысты: 1,1 мың құқық бұзушылық, бір жылда 15,1% өскен.

Одан әрі техникалық және сәулет қадағалауының қолдауынсыз құрылысты жүзеге асыру (636 құқық бұзушылық, бір жылда бірден 74,2% көбейген) және ҚР заңнамасы мен мемлекеттік нормативтері талаптарын бұза отырып жоба алдындағы іздестіру, жобалау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау (261 құқық бұзушылық, өткен жылмен салыстырғанда 3,6% көп).

Өңірлер бойынша Алматы қаласында сектордағы әкімшілік құқық бұзушылықтың 19,5%-ы тіркелген: 564 оқиға – бір жыл бұрынғыдан 62,1% артық. Одан кейінгі орындарда Шығыс Қазақстан облысы (429 құқық бұзушылық, 18,1% азайған) және Шымкент (382 құқық бұзушылық, 4,1 есе көбейген).

Мұндай құқық бұзушылықтардың ең азы Жетісу, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында тіркелген. Абай және Ұлытау өңірлерінде әлі бірде-бір оқиға тіркелмеген.

Биыл тіркелген 2,9 мың құқық бұзушылықтың 2,8 мыңы қаралды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,2% артық. 64 іс бойынша өндірісті тоқтату туралы қаулылар қабылданды, былтырғыдан 25,6% аз.

Қалған істердің ішінде 46 құқық бұзушылық бойынша ескертулер жасалып, 2700 құқық бұзушылық бойынша әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар, ҚР қала құрылысы кодексін әзірлеу жүріп жатыр, онда басқалармен қатар қоғамдық тыңдауларды өткізу ережелері де қарастырылады. Әрбір қала үшін жер телімдерінің функционалды интерактивті карталары мен коммуналдық желілердің схемалары жасалады. Осыған байланысты жер кадастрындағы өнеркәсіп орындарының карталары көліктік-коммуналдық инфрақұрылымның өзекті схемаларымен толықтырылады. Сондай-ақ, ҚР ИИДМ қалаларды кешенді дамыту стандартын әзірлегенін атап өткен жөн.