ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров АМАНАТ партиялық бақылау комитетінің отырысында Қазақстан 2022 жылға қарай тұрғын үй құрылысы жоспарын орындай алмайтынын айтты.

«Шамамен 3 миллион шаршы метрді салып үлгермейміз. Оның негізгі себептері жұмыс кестесінің кешігуі, қаржының жеткіліксіз бөлінуі, ең бастысы құрылыс материалдарының қымбаттауы», - деген Қуантыров белгілі бір деңгейде импортқа тәуелділік пен құрылыс материалдарын елімізге әкелуде қиындықтар бар екеніне тоқталды.

Министрдің айтуынша, 18 млн ш. м тұрғын үй биыл жыл соңына дейін 15,1 млн шаршы метр салынады, бұл 137,7 мың тұрғын үй.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ағымдағы жылдың он айында Қазақстанда 13,93 миллион жылжымайтын мүлік нысаны пайдалануға берілді, оның ішінде басым бөлігі – 90,6 пайызы – тұрғын үйлер.

Тұрғын үй алаңдарының жалпы ауданы 11,7 млн. құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,1%-ға өсті.

Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің өсу қарқыны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр (өсім 43%), Ақмола облысы екінші орында (11,8%), Алматы облысы үшінші орында (10,9%), одан кейін Шығыс Қазақстан облысы (8,4%), Шымкент (26,2%) және Алматы (8,6%) қалаларында.

Пайдалануға берілген тұрғын үй көрсеткіштері Ұлытау облысында 39,6%, Абай ауданында 11%, Маңғыстау облысында 15,7%, Атырау облысында 11,3% және елордада 13,4% төмендеді.