Биылғы қаңтар-маусымында құмар ойындар мен бәс тігулерді ұйымдастыру қызметтердің көлемі экономиканың бақыланбайтын секторын есепке алғанда 294,4 млрд теңгеге жетті, көрсеткіш былтырмен салыстырғанда ақшалай түрде 8,4 есе және нақты мәнде 7,8 есе өсті, деп хабарлайды finprom.kz.

Бір қызығы, сектордағы қызмет көрсету көлемі бойынша жылжымайтын мүлікпен операциялар (673,6 млрд теңге), сәулет, инженерлік іздестіру, техникалық тестілеу және талдау саласындағы қызмет (365,4 млрд теңге), сондай-ақ компьютерлік бағдарламалау және ілеспе қызметтер (305 млрд теңге) болды.

Экономиканың бақыланбайтын секторын есепке алмағанда, 2022 жылғы қаңтар-маусым айларында ойын және бәс тігулерді ұйымдастыру қызметтерінің көлемі 294,4 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде бір Алматы облысына ғана 278,3 млрд теңге болса, 16,1 млрд теңге Ақмола облысында, ал қалған 5,7 млн ​​теңге басқа өңірлерге тиесілі.

Ауылдық жерлерде көрсетілген қызмет көлемі небәрі 93,3 мың теңгені құрады, бұл 2021 жылдың қаңтар-маусымымен салыстырғанда 4,6% көп, бірақ 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіптен аз, ол кезде көрсеткіш 668,6 млн теңгеге жеткен.

Кәсіпорындардың көлемі бойынша 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында ойын және бәс тігу қызметтерін ұйымдастырудың ең көп көлемі орта кәсіпкерлік субъектілеріне тиесілі болды: 176,5 млрд теңге, былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 40,4 есе көп. Шағын кәсіпорындар 107,5 млрд теңгені құрап, былтырғымен салыстырғанда 4,4 есе өссе, ірі кәсіпорындар 10,3 млрд теңгені құрады, былтырғыдана 64,1% көп. 

Меншік түркі бойынша 64%-ы жеке компанияларға тиесілі: 188,4 млрд теңге, 2021 жылдың қаңтар-маусыммен салыстырғанда бірден 15,9 есе артық. Шетелдік кәсіпорындарға 106 млрд теңге тиесілі, көрсеткіш 4,5 есе өсті.