2022 жылғы 4 қыркүйектегі соңғы деректер бойынша, орман өрттерінің салдарынан Қостанай облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының зардап шеккен егістіктерінің азғантай учаскелері бар.  Бұл ретте алқаптардың жаппай өртенуіне жол  берілген жоқ.

Атап айтқанда, Қарабалық ауданында 15 га дәнді және 2 га  аумақта зығыр дақылдары өртенді. Меңдіқара ауданында 1 га астық жинау алқабы жойылды.  Осылайша, Қостанай өңіріндегі жалпы егіс алаңының 0,1% - дан аз көлемі зардап шекті, ал өңірдегі егістіктің жалпы аумағы  5,3 млн га құрайды. Айта кетейік, облыстың шаруалары биыл 3,9 млн га дәнді және дәнді-бұршақты, 3,5 млн га бидай және 749,1 мың га майлы дақыл отырғызған болатын.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 3 қыркүйегіне өңірде 1,8 млн га немесе егіс алаңының 45,3% жиналды, 1,8 млн тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды.

Осыған орай, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облысындағы табиғи апат Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне, өнімнің болжанған көлеміне, сондай-ақ, экспорттық уағдаластықтардың орындалуына ешқандай кері әсерін тигізбейтінін нақты мәлімдейді.

Сондай-ақ, астық дақылдары бойынша егін жинау жұмыстары республиканың барлық өңірлерінде белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтеміз. Бүгінгі таңда дихандар 7 млн га дәнді дақылды жинады (немесе барлық астық көлемінің 43,7%), 12,2 ц/га орташа өнімділікпен 8,6 млн тонна астық бастырылды (2021 жылы ұқсас кезеңімен салыстырғанда орташа өнімділік 7,8 ц/га құрады).

Сонымен қатар өрт салдарынан Қарасу ауданының Люблинка ауылында және Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылында 12 бас ІҚМ, 118 бас шошқа және 261 бас құс қырылды. Ақпаратты ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциялары және облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасы ұсынды.

Қостанай облысы әкімдігінің және ҚР ТЖМ ақпараты бойынша орман өртінің салдарынан азын аулақ ауыл шаруашылығы дақылдарының зардап шеккен егістік учаскелері бар. Бірақ, алқаптар жаппай жойылған жоқ. Атап айтқанда, Қарабалық ауданында 17 га егін орағы өртенді. Меңдіқара ауданында 1 га дәнді дақылдар зардап шекті. Өртенген дақылдың көлемі нақтыланып жатыр. Қосымша ақпарат мәліметтер түскен соң берілетін болады.

Айта кетейік, өңірдегі жалпы егіс алқабы 5,3 млн га құрайды, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 3,9 млн га, бидай 3,5 млн га және майлы дақылдар 749,1 мың га.

Сондай-ақ, өңір әкімдігінің жедел мәліметтері бойынша, биылғы жылдың 3 қыркүйегіне дейін 1,8 млн га немесе егіс алаңының 45,3%, 1,8 млн тонна дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды.