Қазақстанда қонақ үй қызметтеріне сұраныс артып келеді.

I тоқсанда қонақ үйлер 1,7 млн адамға қызмет көрсеткен. Бұл өткен жылғы деңгейден 9% (140 мың) жоғары, сондай-ақ қаңтар-наурыз айларының кем дегенде 2015 жылдан бері есептегенде ең жоғары мән.

Бір қызығы, жалпы өсімнің 42%-ын екі облыс қана қамтамасыз еткен — Батыс Қазақстан (+35 мың) және Алматы облысы (+23 мың). Қызмет көрсетілген келушілердің жартысынан көбі әлі де республикалық маңызы бар үш қалаға тиесілі: 

  • Алматы — 473 мың;
  • Астана — 294 мың;
  • Шымкент — 112 мың.

Қызмет көрсетілген келушілер арасында қазақстандықтар көп (87% немесе 1,5 млн). Солардың арқасында сұраныс артып келеді, бір жылдп 11%. Шетелдіктер тарапынан сұраныс, керісінше, бір жылда 2%, 223 мыңға дейін төмендеді. Төмендеуінің басты себебі — Ресей (-28%, 81 мыңға дейін). 

Қонақүйлердің кірісіне келетін болсақ, олар бір жылда 18% қосып, 50,7 млрд тг жетті. Бұл ретте бағаның 6,8% өсуі де әсерін тигізді.