Бизнесті цифрландыру – экономикалық өсім мен ашықтықты қамтамасыз ететін қазіргі заман талабы.
Банктер экономиканы қалай цифрландырады?
Қазақстандық жүйе құраушы ірі банктер жеке тұлғалар арасындағы өзара ақша аударымдарынан бастап бизнестің қаржылық есептері мен инвестициялау мен қазынашылық қызметтерге дейінгі барлық процестерді банк қосымшаларына енгізген.
Бір ғана қосымша арқылы төлеу, төлем қабылдау, қызмет мен тауар ақысын төлеу, басқа шотқа ақша аудару, депозит ашу мен несие рәсімдеу кәсіпкерлер қызметін айтарлықтай жеңілдетеді. Бұл жеке тұлғалар үшін де бизнеске де тиімді. Сонымен қатар барлық операцияларын банк қосымшасына енгізу бизнесті біртіндеп көлеңкеден шығаратыны анық, яғни тұтас экономика үшін де пайдалы деген сөз.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойыша, республика бойынша қолма-қол емес ақша айналымы жалпы ақша айналымының 81%-ын құрап, рекордтық 43,9 трлн теңгеге жеткен. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының мәліметінше, былтыр бұл көрсеткіш 75% болған еді. Соның ішінде қолма-қол емес төлемдердің 83,2%-ы интернет және мобильді банкинг арқылы жүзеге асырылады. Ал бұл 36,5 трлн теңге.
Кәсіпкерлер Jusan Tole қызметіне ауысып жатыр
Жоғарыда айтылғандай, бизнестің цифрландырылуына ең алдымен банктердің қосқан үлесі орасан десек, соның ішінде Jusan Bank-тің кәсіпкерлерге арналған Jusan Tole (POS-терминал) қызметі бизнес пен тұтынушыларға үлкен артықшылықтар ұсынады.
Jusan Tole арқылы QR төлем қабылдау комиссиясы ең минималды 0,8%. Бұл нарықтағы ең төменгі комиссиялардың бірі. Оны орнату үшін тікелей Jusan Business қосымшасы арқылы өтініш береуге болады, банкке барудың қажеті жоқ. Банк қызметкерлері бір күн ішінде сауда нүктесіне жеткізіп береді. Олар сондай-ақ терминалды қосуға, орнатуға және аппарат қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп береді.
Бұдан бөлек төлемдерді смартфон арқылы қабылдауға болатынын атап өткен жөн. Ол үшін Jusan Tole қосымшасын жүктеп алып, төлемдерді қабылдай беруге болады. Ақша аударымдары бірден жүзеге асырылады.
Jusan Tole мобильді қосымшасын пайдалана отырып, тауарларды немесе қызметтерді 12 айға бөліп төлеуге немесе 24 айға дейін несиеге де сату қарастырылған.
Сондай-ақ кәсіпкерлер өз тауарлары мен қызметтерін банктің Jusan Дүкенде орналастыра алады. 2022 жылдың 9 қарашадағы мәліметке сәйкес, Jusan Дүкенде 16 758 кәсіпкер (ЖК, ЖШС) тіркелген.
Қазірдің өзінде Jusan Tole-ге қосылған ШОБ субъектілерінің саны айтарлықтай өсті. Мәселен, жыл басынан 30 маусымына дейін бұл сегменттегі кәсіпкерлердің саны 3,5 есеге өскен.
«Тауарлар мен қызметтер қолжетімді болған сайын, төлемнің бұл жүйесіне деген клиенттердің қызығушылығы да артуда. Себебі Jusan Tole арқылы тауарды өз қаражатыңызға да, 12 айға бөліп төлеуге де алуға болады. Одан бөлек аталмыш төлем жүйесі ШОБ-тың дамуына және бизнес процесстерін де ашық етіп, бюджетке аударылатын салықтың ұлғаюына да септігін тигізуде. Бүгінде бизнеске өркениеттілік тұрғысынан қарау аса маңызды», - деп түсіндірді Jusan Bank Даму және сатуды қолдау департаменті директорының орынбасары Елдос Қырбасов.
Кәсіпкерлерге қосымша сыйлық
Ең қызығы, Jusan Bank жеке кәсіпкерлерге жоғарыда аталған мүмкіндіктермен қатар қосымша сыйлық ұсынады. Банк 14 қараша мен 8 қаңтар аралығында банк жеке кәсіпкерлерге ұтыс науқанын өткізіп жатыр.
Нақтырақ айтқанда, жеке кәсіпкер JusanBusiness интернет-банкинг жүйесінде мыналардың бірін немесе бірнешеуін орындаса, 56 iPhone телефонының бірін немесе бас жүлде - Hyundai Staria ұтып алу мүмкіндігін иеленеді:
- ағымдағы шоттан теңгеде және/немесе шетел валютасында басқа клиенттің шотына аударым/төлем жасау;
- карталық шоттан (корпоративтік карта, жеке кәсіпкер картасын пайдалана отырып) басқа клиенттің карталық шотына аудару/төлем жасау;
- «Өз пакетіңізді жинаңыз» (қызмет үшін комиссия төлеу қажет) қызметіне қосылу;
- Jusan Tole MPOS/SmartPOS терминалы арқылы төлемді қабылдау (эквайринг үшін банкке комиссия төлеу қажет болады);
- онлайн несие алу.
Ұтыс Jusan Bank-тің ресми Instagram парақшасында тікелей эфирде өтеді. Бұл ретте ұтыс екі апта сайын әр күннің қорытындысы бойынша өткізілетінін айта кеткен жөн. Бұл бір күнде бір жеңімпаз су жаңа iPhone 14 иеленеді деген сөз. Ал бас жүлде – Huyndai Staria автокөлігі науқан соңында ойнатылады.
Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 07.04.21ж. № 1.2.35/225/37 лицензиясы.