«ҚазТрансОйл» АҚ 2022 жылдың 9 айдағы қаржы нәтижелері туралы хабарлады.
2022 жылдың 9 айдың қорытындылары бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған түсім көлемі 179 млрд 650,7 млн теңгені құрады, бұл 2021 жылдың 9 айдағы көрсеткіштен 1,4% жоғары.
2022 жылдың 9 айдың қорытындылары бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ шоғырландырылған таза пайдасы 25 млрд 153,3 млн теңгені құрады, бұл 2021 жылдың 9 айдағы көрсеткіштен 49% төмен.
Айта кетейік, «ҚазТрансОйл» компаниясы «ҚазМұнайГаз» АҚ-ға тиесілі. Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» АҚ қаржылық есебін жариялаған едік.