ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы өз қызметінде вертикалды интеграцияны ұстанатын Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, 2022 жылғы тоғыз айдағы өндірістік нәтижелерін жариялайды.

  • Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 0,9%-ға өсіп, 16 060 мың тоннаға жетті;
  • Мұнай тасымалдау көлемі өткен жылдың тиісті кезеңіндегі 55 727 мың тоннамен салыстырғанда 55 085 мың тоннаға азайды;
  • Қазақстандық және румындық МӨЗ-де көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі 5,8%-ға артып, 14 896 мың тоннаға жетті.

 

  2022 9А

(ҚМГ үлесіне)

  2021 9А

(ҚМГ үлесіне)

%

Мұнай өндіру, мың тонна

16 060

15 923

+0,9%

Газ өндіру, млн м³

5 942

5 860

+1,4%

Мұнай тасымалдау, мың тонна

55 085

55 727

-1,2%

Мұнай өңдеу, мың тонна

14 896

14 083

+5,8%

Мұнай және конденсат өндіру, мың тонна

  2022 9А

(ҚМГ үлесіне)

  2021 9А

(ҚМГ үлесіне)

%

Өзенмұнайгаз

3 805

3 988

-4,6%

Маңғыстаумұнайгаз

2 258

2 192

+3,0%

Ембімұнайгаз

1 921

1 855

+3,5%

Теңіз

4 302

3 786

+13,6%

Қашаған

734

952

-22,9%

Қарашығанақ

768

768

0,0%

Басқалары

2 273

2 382

-4,6%

Барлығы

16 060

15 923

+0,9%

Мұнай тасымалдау1, мың тонна

  2022 9А

(100%)

 2022 9А

(ҚМГ үлесіне)

 2021 9А

(ҚМГ үлесіне)

%

ҚазТрансОйл

30 003

30 003

30 824

-2,7%

Қазақстан-Қытай Құбыры 

14 258

7 129

6 515

+9,4%

МұнайТас2

4 052

2 067

1 554

+33,0%

Каспий Құбыр Консорциумы

43 349

8 995

9 109

-1,3%

Қазақтеңізкөлікфлоты

6 892

6 892

7 726

-10,8%

Барлығы

-

55 085

55 727

-1,2%

1 Мұнай көлемінің бір бөлігін екі немесе үш құбыр компаниясы тасымалдай алады және тиісінше бұл көлемдер мұнай тасымалдаудың шоғырландырылған көлемінде бір реттен артық есептеледі

2 МұнайТас үлестік әдіспен шоғырландырылатын бірлескен кәсіпорын, осыған байланысты тасымалдау көлемі 51% иелену үлесіне сәйкес көрсетілген.

Көмірсутек шикізатын өңдеу, мың тонна

 2022 9А

 (ҚМГ үлесіне)

  2021 9А

 (ҚМГ үлесіне)

%

АМӨЗ

4 167

4 007

+4,0%

ПМХЗ

3 970

4 321

-8,1%

ПҚОП1

2 315

1 829

+26,5%

Caspi Bitum1

361

373

-3,2%

Петромидия

3 817

3 326

+14,7%

Вега

268

227

+18,2%

Барлығы

14 896

14 083

+5,8%

[1] ПКОП және Caspi Bitum өңдеу көлемі  50% үлеске көрсетілген.

  • Қазақстандық МӨЗ-де КСШ өңдеу көлемі 2,7%-ға ұлғайып, 10 812 мың тоннаға жетті. Өңдеу көлемінің артуы ПҚОП-тың биыл тұрақты жұмыс істеуіне және былтыр жоспарлы күрделі жөндеу үшін өндірістің тоқтап қалуынан өңдеу көлемінің төмендеуіне тікелей байланысты;
  • Румыниядағы KPMG International (Петромидия, Вега) зауыттарында өңдеу көлемі 15,0%-ға ұлғайып, 4 085 мың тоннаны құрады. Өңдеу көлемінің ұлғаюы дизель отынын гидротазарту қондырғыларымен болған оқиғадан кейін Петромидия зауытының 2021 жылы шілде-тамыз айларында жөндеуге тоқтауына байланысты.
  • Қазақстандық МӨЗ 9 798 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл былтырғы көрсеткіштен ПҚОП өндірген көлемнің есебінен 2,4%-ға артық. Ал ПМХЗ-дағы мұнай өнімдерін өндіру көрсеткіші биыл өңдеу көлемінің азаюы себебінен сәйкесінше 7,2% -ға төмен болды;
  • KMG International (Петромидия, Вега) зауыттары 4 000 мың тонна мұнай өнімдерін өндірді, бұл 2021 жылдың тоғыз айындағы көрсеткіштерден 16,5%-ға жоғары. Көрсеткіштер Румыниядағы Петромидия зауытында өңдеу көлемінің өсуіне байланысты артты.

 2021 жылдың тоғыз айымен салыстырғандағы 2022 жылдың тоғыз айындағы негізгі өндірістік көрсеткіштер:

 Өндірістік көрсеткіштер, егер өзгеше көрсетілмесе, бірлескен және қауымдастырылған компаниялардағы ҚМГ иелену үлесіне және шоғырландырылатын еншілес ұйымдар үшін көрсеткіштердің 100% сәйкес көрсетілген.

 Көмірсутек шикізатын өндіру

ҚМГ мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі былтырмен салыстырғанда 0,9%-ға өсіп, 2022 жылдың тоғыз айында 16 060 мың тоннаға жетті (тәулігіне 441 мың барр.). Ілеспе және табиғи газды өндіру көлемі 1,4%-ға, яғни 5 942 млн м3 дейін ұлғайды.

 Теңізде мұнай өндіру айтарлықтай 13,6%-ға өсіп, 4 302 мың тонна (тәулігіне 126 мың баррель) болды. Ілеспе газ өндіру де айтарлықтай 18,8%-ға артып, 2 394 млн м3 жетті. Өндірістің ұлғаюы ОПЕК+ келісімі бойынша шектеулердің алынып тасталуына байланысты болды.

Қашағандағы мұнай өндіру 734 мың тоннаға дейін төмендеді (тәулігіне 21 мың барр.). Бұған биыл тамыз айында газдың ағуына байланысты жүргізілген жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кезінде теңіз және жерүсті кешендеріндегі өндірістік объектілердің тоқтап тұруы әсер етті. Ілеспе газды өндіру көлемі де төмендеп, 451 млн м3 құрады.

Қарашығанақта мұнай мен конденсат өндіру былтырмен салыстырғанда өзгеріссіз 768 мың тонна (тәулігіне 22 мың барр.) көлемінде қалды. Газ өндіру 5,3%-ға артып, 1 479 млн м3 құрады. Газ өндірісінің өсуі 4-ші газды кері айдау компрессорының қосылуына және газды қайта өңдеу көлемінің ұлғаюына байланысты болды.

Операциялық активтердегі мұнай мен конденсат өндіру көлемі 1,5%-ға, яғни 10 256 мың тоннаға (тәулігіне 272 мың барр.) дейін азайды. Биылғы тоғыз айда мұнай мен конденсат өндіру көлемінің азаюы Өзенмұнайгаз өндірістік объектілерінде қызмет көрсететін коммуналдық кәсіпорынның электр энергиясын авария жағдайында ажыратуына, сондай-ақ кейбір ескі кен орындарында өндіру деңгейінің табиғи төмендеуіне байланысты болды. Бұл ретте операциялық активтерде мұнай өндірудің төмендеуі Ембімұнайгаз өндірісін 3,5%-ға және Маңғыстаумұнайгаз өндірісін 3,0%-ға ұлғайту арқылы ішінара реттелді. Газ өндіру көлемі 1 618 млн м3 төмендеді. Бұған 2021 жылы қарашада құрамына Амангелді Газ газ өндіру активі кіретін «ҚазТрансГаз» АҚ-тың («QazaqGaz» ҰК АҚ) «Самұрық-Қазына» АҚ-қа берілуі себеп болды.

 Мұнай тасымалдау

Мұнайды магистраль және теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 2022 жылдың тоғыз айында 2021 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2%-ға, яғни 55 085 мың тоннаға дейін төмендеді.

 Мұнайды магистраль құбырлары арқылы тасымалдау көлемі 0,4%-ға ұлғайып, 48 193 мың тоннаға жетті. Ішкі нарықта мұнай өнімдерінің қажетті көлемін өндіру үшін барлық құбырлар бойынша қазақстандық МӨЗ бағытында тасымалданған мұнай көлемінің өзгергені, яғни артқаны байқалады. Ал ҚазТрансОйл бойынша экспортқа шығатын мұнай тасымалының көлемі ескі кен орындарда мұнай өндірудің табиғи төмендеуі салдарынан, сондай-ақ жүк жөнелтушілердің мұнайды ішкі нарыққа және Каспий Құбыр консорциумының құбырына қайта бөлуіне байланысты төмендеді.

Мұнайды теңіз арқылы тасымалдаудың жалпы көлемі 10,8%- ға, яғни 6 892 мың тоннаға дейін азайды. Бұл негізінен ішкі нарыққа жеткізілімдердің ұлғаюына байланысты қазақстандық жүк жөнелтушілердің экспорт көлемін азайтуына байланысты Жерорта теңізіндегі мұнай көлемінің төмендеуі есебінен болды.

 Көмірсутек шикізатын сату

ҚМГ өндірген мұнай мен газ конденсатын сату көлемі 2022 жылдың тоғыз айында 1,1%-ға ұлғайып, 16 318 мың тоннаға жетті, оның 60,5%-ы экспортқа шығарылды.

Компания өндірген мұнай мен газ конденсатын ішкі нарыққа жеткізу көлемі 6 439 мың тоннаны құрады, оның ішінде операциялық активтердің (Өзенмұнайгаз, Ембімұнайгаз, Қазақтүрікмұнай және Өріктау Оперейтинг) өңдеу және сату үшін Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ), Шымкент мұнай өңдеу зауытына (ПҚОП) және Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ) жеткізілген 3 740 мың тонна шикі мұнайы бар.

 Көмірсутек шикізатын өңдеу

 2022 жылдың тоғыз айында КСШ өңдеудің жалпы көлемі 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ға ұлғайып, 14 896 мың тоннаға жетті:

 2022 жылдың тоғыз айында қазақстандық және румындық зауыттарда мұнай өнімдерін өндіру көлемі 6,1%-ға өсіп, 13 797 мың тоннаға жетті: