«ҚазТрансОйл» АҚ 2022 жылдың қаңтар-қазанг айларындағы өндірістік қызмет қорытындыларын жариялады.
«ҚазТрансОйл» АҚ 2022 жылғы
қаңтар-қыркүйектегі өндірістік қорытындыны шығарды. Есепті кезеңде
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен 30 млн 3 мың тонна
мұнай тасымалданды, бұл 2021 жылдың 9 айына қарағанда 821 мың тоннаға төмен.
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 2021 жылғы қаңтар-қыркүйектегі көрсеткішпен салыстырғанда 772 мың тоннаға ұлғайып, 13 млн 527 мың тоннаны құраған. «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-ға 4 млн 176 мың тонна мұнай, «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-ға 4 млн 633 мың тонна мұнай, «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖШС-ға 3 млн 986 мың тонна мұнай, «CASPI BITUM» БК» ЖШС-ға 732 мың тонна мұнай жеткізілді.
«Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай
құбырының «Атырау-Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 6 млн 639
мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 млн 399 мың
тоннаға төмен.
Қазақстан Республикасының аумағында
орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесі бойынша 8 млн 196 мың тонна мұнай
тасымалданды, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 60 мың тоннаға
төмен.
«Атасу-Алашанькоу» магистральдық мұнай
құбырына 8 млн 462 мың тонна мұнайды ауыстырып тиеу жүзеге асырылды. 2021
жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 260 мың тоннаға артты.
«Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне
мұнайды ауыстырып тиеу көлемі 744 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың 9 айының
көрсеткішінен 383 мың тоннаға артық.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың қуаттарын пайдалана
отырып, Ақтау портында танкерлерге мұнай құю 1 млн 621 мың тоннаны құрады, бұл
2021 жылдың 9 айының көрсеткішімен салыстырғанда 48 мың тоннаға артық.
Магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы
мұнайдың жүк айналымы жеке «ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 25 млрд 361 млн
тонна-километрді құрады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 693 млн
тонна-километрге төмен.
«ҚазТрансОйл» АҚ мұнайының шоғырландырылған
жүк айналымы 32 млрд 665 млн тонна-километрді құрады, бұл 2021 жылдың 9 айына
қарағанда 138 млн тонна-километрге артық.
«Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС мұнай құбырлары
жүйесі бойынша 14 млн 258 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2021 жылдың ұқсас
кезеңіндегі көрсеткіштен 1 млн 228 мың тоннаға артық. Мұнай жүк айналымы 12
млрд 939 млн тонна-километрді құрады, бұл 2021 жылдың 9 айының нәтижесінен 1
млрд 256 млн тонна-километрге артық.
«МұнайТас» ЖШС мұнай құбыры бойынша мұнай
тасымалдау көлемі 4 млн 52 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың 9 айына
қарағанда 1 млн 6 мың тоннаға артық. Мұнай жүк айналымы 399 млн тонна-километрге артып, 1 млрд 636 млн
тонна-километрге жетті.
«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компанияларының тобы бойынша мұнайды,
мұнай өнімдері мен газды ауыстырып құю көлемі 1 млн 577 мың тоннаны
құрады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 582 мың тоннаға артық.
Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына «Астрахань-Маңғышлақ» су құбыры бойынша «Магистральдық Суағызғы» ЖШС 23 млн 202 мың текше метр тұщы су берді, 2021 жылдың 9 айымен салыстырғанда су жеткізу көлемінің ұлғаюы 286 мың текше метрді құрады.