2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте Германияға одан әрі жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру пунктінің бағыты бойынша «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша қазақстандық мұнайды тасымалдау көлемі 589,6 мың тоннаны құрады.
Қазан айында Германияға «ҚазТрансОйл» АҚ 100 мың тонна қазақстандық мұнай жеткізуді жоспарлап отыр.
2022 жылдың желтоқсан айында «ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылы 1,2 млн тонна қазақстандық мұнайды «Транснефть» ЖАҚ магистралды мұнай құбырымен «Адамова застава» мұнай бекеті арқылы Германияға жеткізуге өтінім берген болатын. Мұнайдың бұл транзиті Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы үкіметі арасындағы 2002 жылғы 7 маусымдағы келісім шеңберінде жүзеге асады.
2023 жылғы ақпанда «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға 20 мың тонна көлемінде қазақстандық мұнайдың бірінші партиясын жеткізді.
«ҚазТрансОйл» АҚ 1,2 млн тонна Қазақстан мұнайын әрі қарай Германияға жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру пункті бағыты бойынша тасымалдау үшін техникалық мүмкіндікке ие екендігін растайды, бірақ тасымалданатын нақты мұнай көлемі мұнай компанияларының өтінімдеріне байланысты болады.