Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компаниясы, тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратын шолып тексерудің нәтижелері есебімен қоса, 2023 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған үш және тоғыз айдың 34 Аралық қаржы есептілігі қаржы есептілігінің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес дайындалған қысқартылған аралық шоғырландырылған қаржы есептілігін жариялайды.
2022 жылдың тоғыз айымен салыстырғанда 2023 жылдың тоғыз айындағы1 басты қаржы көрсеткіштері:
- табыс 6 776 млрд теңгемен (14 774 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 6 087 млрд теңгені (13 439 млн АҚШ доллары) құрады;
- EBITDA көрсеткіші 2 020 млрд теңгемен (4 404 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 1 680 млрд теңгені (3 708 млн АҚШ доллары) құрады;
- бірлесіп бақылауға алынатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар кірісіндегі үлесті ескергенде, компанияның таза пайдасы 1 161 млрд теңгемен (2 532 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 949 млрд теңгені (2 095 млн АҚШ доллары) құрады;
- бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялар 2 кірісінің үлесіне түзетілген таза пайда 633 млрд теңгемен (1 381 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 600 млрд теңгені (1 324 млн АҚШ доллары) құрады;
- бос ақша ағымы 996 млрд теңгемен (2 172 млн АҚШ доллары) салыстырғанда 459 млрд теңгені (1 013 млн АҚШ доллары) құрады;
- 2023 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша жалпы қарыз 2022 жылғы 31 желтоқсандағы 4 143 млрд теңге (8 956 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі көрсеткішпен салыстырғанда 4 114 млрд теңгеге (8 671 млн АҚШ доллары) жетті;
- компанияның 2023 жылғы 30 қыркүйектегі таза қарызы 2022 жылғы 31 желтоқсандағы 2 143 млрд теңге (4 632 млн АҚШ доллары) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 2 084 млрд теңгені (4 392 млн АҚШ доллары) құрады.