ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясы тәуелсіз аудитордың аралық қаржылық ақпаратын шолып тексеру нәтижелері жөніндегі есеппен бірге 2022 жылғы 30 маусымда аяқталған үш және алты айдың қысқартылған шоғырландырылған қаржылық есептілікті жариялайды.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы басты қаржы көрсеткіштері:
- Түсім 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 2 672 млрд теңгемен (6 299 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 57,3%-ға артып, 4 203 млрд теңгені (9 339 млн АҚШ долл.) құрады;
- EBITDA көрсеткіші 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 750 млрд теңгемен (1 767 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 49,2%-ға артып, 1 119 млрд теңгені (2 486 млн АҚШ долл.) құрады;
- Компанияның таза пайдасы 5,0%-ға артып, 677 млрд теңгені (1 504 млн АҚШ долл.) құрады.
- Бірлесіп бақыланатын кәсіпорындар мен қауымдасқан компаниялардың үлесіне түзетілген таза пайда 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 384 млрд теңгемен (904 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 156 млрд теңгені (348 млн АҚШ долл.) құрады;
- Бос ақша ағыны 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы 291 млрд теңгемен (685 млн АҚШ долл.) салыстырғанда 188 млрд теңгені (417 млн АҚШ долл.) құрады;
- Жалпы қарыз 2021 жылғы 31 желтоқсандағы 3 746 млрд теңге (8 676 млн АҚШ) көрсеткішімен салыстырғанда 2022 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша жалпы қарыз 3 935 млрд теңгені (8 366 млн АҚШ долл.) құрады;
- Компанияның таза қарызы 2021 жылғы 31 желтоқсандағы 2 204 млрд теңге (5 104 млн АҚШ доллары) деңгейіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 2022 жылғы 30 маусымда 2 292 млрд теңгені (4 872 млн АҚШ долл.) құрады.
2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндірістік нәтижелер:
- Мұнай және газ конденсатын өндіру көлемі 0,3%-ға өсіп, 10 774 мың тоннаны құрады;
- Мұнай тасымалдау көлемі 0,6%-ға артып, 37 157 мың тоннаны құрады;
- Қазақстандық және румыниялық МӨЗ-де көмірсутек шикізатын өңдеу көлемі жиынтықты 0,2%-ға ұлғайып, 9 721 мың тоннаны құрады.