Бүгін (2024 жылдың 10 желтоқсанында) ҚМГ-ның бір акциясының құны 14 562 теңгені құрап, 2024 жылдың басынан 25% өсімді көрсетті, ал төленген дивиденд мөлшерін ескерсек, акцияның табыстылығы 30%-ды құрап отыр.
Бұл ретте, 2022 жылы желтоқсанда IPO өткізілген уақыттан бері ҚМГ акцияларының құны 71%-ға өсті, ал төленген дивиденд көлемін қоса есептегенде жиынтық табыстылығы 83%-ды құрады.
ҚазМұнайГаздың нарықтағы қазіргі капиталы 8,8 трлн теңгеге жетті, бұл 17,2 млрд АҚШ долларына тең.