Freedom Broker үшінші тоқсандағы есебін жариялағаннан кейін Қазатомөнеркәсіп акциясының болжамды өсім бағасын жаңартты.

2024 жылдың басынан бері Қазатомөнеркәсіп акциясы 14% өсті.

«Қазатомөнеркәсіп» АҚ 2024 жылдың тоғыз айының қаржылық есебін жариялады. Уранның қымбаттауынан табыс айтарлықтай ұлғайды. Күкірт қышқылының тапшылығына қарамастан, жалпы операциялық маржа аздап төмендеді. 

«Бағалау үлгісінде біз болжамды табысты, оның ішінде доллар бағамының өскенін ескердік. Сондай-ақ қаржылық көрсеткіштердің жалпы жаңартылуы Қазатомөнеркәсіп акцияларын бағалауымыздың KASE-дегі ағымдағы бағадан 27% өсу әлеуеті бар 26 600 теңгеге дейін көтерілуі тиіс», — дейді брокер. 

Тиісінше брокер компания акциясын сатып алуды ұсынады.

Айта кетейік, қазір компария акциясы 20 мың теңгенің үстінде бағаланып отыр.