Қазақстан Президенті мен Катар Әмірінің қатысуымен «Самұрық-Қазына» АҚ тобы газ, энергетика және телекоммуникация салаларында 7 келісімге қол қойды.

Доханың (Катар) «Amiri Diwan» сарайында қол қойылды:

«Самұрық-Қазына» АҚ, Қазақстанның Энергетика министрлігі және Power International Holding WLL тобына кіретін катарлық компания Urbacon Concessions Investments WLL арасында – қуаттылығы шамамен 1100 МВт болатын Қызылорда облысында бу-газды қондырғысын салу жөніндегі келісім.

Жобаны жүзеге асыру Қазақстанның оңтүстік өңірінде жаңа өндіруші қуаттарды енгізуге, сондай-ақ Қазақстанның бірыңғай энергожүйесінің берік жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті маневрлік қуаттың тапшылығын азайтуға мүмкіндік береді.

Қор, Қазақстан Энергетика министрлігі және катарлық компания Urbacon Concessions Investments WLL арасында – Қуаты 6 млрд. м3 болатын газ өңдеу зауытын салу бойынша өзара түсіністік туралы Меморандум.

Құжаттың мақсаты – Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын салу жөніндегі жобаны бірлесіп пысықтау туралы ниеттерді бекіту, 2Б фазасы (қуаты 4+2 млрд.м3).

«Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ және Power International Holding WLL Катар холдингі арасында – Телекоммуникация саласындағы ынтымақтастық туралы келісім.

Power International Holding компаниясы «Қазақтелеком» АҚ-ға тиесілі «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС сатып алуды жоспарлап отыр.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ мен Urbacon Concessions Investments WLL арасында – Газ саласындағы жобаларды іске асырудың негізгі шарттары туралы 4 келісім.

Екі келісім қуаттылығы 2,5 млрд м³ және 1 млрд м³ газ өңдеу зауыттарын салу жөніндегі жобаларды іске асыру шарттарын айқындайды. Жобаларды іске асыру тауарлық газдың ресурстық базасын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қалған екі келісім Ақтөбе-Қостанай магистральдық газ құбырын, сонымен қатар, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» екінші желісін салуға бағытталған. Жобаларды іске асыру газ тасымалдау көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік, орталық және солтүстік өңірлерін газбен жабдықтауды дамыту үшін инфрақұрылымды құруға мүмкіндік береді.