«Қазақтелеком» акционерлері кезектен тыс жалпы жиналыста 2022 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады.
Төлемдердің жалпы сомасы 33,4 млрд теңгені, бір жай акция бойынша есептегенде 3038,36 теңгені құрайды. 32,5 млрд теңге жай акцияларды ұстаушылардың төлемдеріне бағытталады. Қолданыстағы заңнама және оператордың жарғысы артықшылықты акцияларды ұстаушыларға олардың номиналды құнының кемінде 30% дивиденд ретінде төленуін талап етеді.
Дивидендтер сомасын есептеу кезінде компанияның өткен жылдың соңындағы қаржылық-экономикалық жағдайы, сондай-ақ тұрақтылық пен өтімділік көрсеткіштері ескерілді.
Ең ірі алушы жай акциялардың 79,24%-ына иелік ететін «Самұрық-Қазына» қоры болады. Ол 26,3 млрд теңге алады. Тағы 8,1% үлесі Jusan Bank-ке тиесілі.
Мамыр айының соңында «Қазақтелеком» акционерлері жалпы жиналыста пайданың үштен бір бөлігіне артқанына қарамастан, 2022 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады. Компания дивидендтер төлеуді қысқартуды жоспарлап отырғанын алдын ала хабарлады, бірақ пайданы бөлуден бас тарту туралы хабарламады.