Қазақтелеком АҚ 2024 жылдың 30 сәуірінде өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімін хабарлады.

Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:

  • компанияның 2023 жылғы жылдық қаржылық есептілігін (шоғырландырылған және жеке) бекіту;
  • компанияның 2023 жылғы таза кірісін бөлудің келесі тәртібін бекіту:
  • 93 067 044 000 теңге құрайтын шоғырландырылған таза кірісінің 24,79%-ы 2023 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеуге жұмсау;
  • қалған бөлігін компанияның иелігінде қалдыру;
  • 2023 жылдың қорытындысы бойынша жай акциялар бойынша дивидендтердің мөлшері – бір акцияға 2 096,60 теңге мөлшерінде бекіту.

Акционерлердің жалпы жиналысында барлығы сегіз мәселе бойынша шешімдер қабылданды.