S&P Global Ratings Қазақстанның тәуелсіз несие рейтингтері бойынша болжамын «тұрақтыдан» «жағымсызға» өзгертті.
Дегенмен, Қазақстан Республикасының шетел және ұлттық валюталардағы міндеттемелері бойынша ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді тәуелсіз кредиттік рейтингтері «ВВВ-/А-3» деңгейінде расталды. Аудару және валютаны айырбастау тәуекелін бағалау «BBB» деңгейінде сақталатыны айтылды.
«Қазақстан Қазақстан мұнайының 80%-ға жуығын экспорттайтын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысындағы ықтимал үзілістерге осал болып қала береді», - делінген S&P мәлімдемесінде.
Сарапшылардың пікірінше, КҚК өткізу қабілеті ұзақ уақытқа төмендеген жағдайда бұл елдің сыртқы экономикалық және фискалдық көрсеткіштеріне кері әсер етуі мүмкін.
«Ішкі қаржыландыруға тәуелділіктің артуы және қарыз алу шығындарының жоғарылауы қарызға қызмет көрсету және өтеу шығындарын ұлғайтып, фискалдық көрсеткіштерді нашарлатуы мүмкін. Нәтижесінде біз Қазақстан Республикасының рейтингтері бойынша болжамды «Тұрақтыдан» «Жағымсызға» қайта қарадық және тәуелсіз рейтингтерді «ВВВ-/А-3» деңгейінде растадық», - деп хабарлады ведомство.
Сарапшылар 2022-2025 жылдары Қазақстанның ЖІӨ өсімі орташа есеппен 3,6%-ды құрайды және мұнай және шикізаттық емес секторлардағы өсіммен қамтамасыз етіледі деп есептейді.