Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында елімізге 11 мың адам келген, бұл өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларымен салыстырғанда 51,7% артық, деп хабарлайды ranking.kz.
Бұл ретте ҚР-нан 20,3 мың адам кеткен, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,7% аз.
Дегенмен, көші-қон сальдосы әлі де теріс болып қалып отыр: минус 9,3 мың адам.
Өңірлер бойынша келгендердің басым бөлігі Маңғыстау облысына тұрақтаған: 2,4 мың адам, бір жылда 53,9% көбейген. Одан кейін Алматы (2,1 мың адам, 67,1% көбейген) және Алматы облысы (1,4 мың адам, 8,4 есе көбейген). Келгендер ең аз қоныстанған өңір Қызылорда облысы: жыл басынан бері небәрі 12 адам келді, бір жыл бұрын 7 адам ғана болған.
Қарағанды облысынан көп адам кеткен: 2,5 мың – бір жыл бұрынғыдан 31,5% аз. Одан кейінгі орында Қостанай (2,4 мың адам, 6% азайған) және Павлодар (2,3 мың адам, 14,8% азайған) облыстары. Ең аз адам Қызылорда облысынан кеткен: бар болғаны 42, бір жыл бұрынғыдан 28,8% азайған.
Биыл ҚР-ға 15 жастан асқан 989 адам техникалық, 516-сы экономикалық, 351-і педагогикалық, 219-ы медициналық, 130-ы заңгерлік, 106-сы сәулет-құрылыс, 70 ауыл шаруашылығы мамандары келген.
Сонымен қатар, 15 жастан асқан 3,5 мың адам техникалық, 1,6 мыңы экономикалық, 1 мыңы педагогикалық, 542-і медициналық, 378-і заңгерлік, 218-і сәулет-құрылыс өнері, 159-ы ауыл шаруашылығы мамандығы өкілдері елден кеткен.
Биылғы жылы келгендердің басым бөлігі Өзбекстаннан келгендер: 4,8 мың адам – бір жыл бұрынғыдан бірден 88,8% артық. Екінші және үшінші орында Ресей мен Түркменстан. Үздік бестікке Қырғызстан мен Қытай да кіреді.
Сонымен қатар, ҚР-нан Ресейге жиі кеткен: 16,6 мың адам – бір жыл бұрынғыдан 21,4% аз. Одан кейін Германия, АҚШ, Польша және Өзбекстан алдыңғы орында.