Қазақстан банктеріне салынған депозиттерінің көлемі бір айда 2,5%-ға азайып (жылдық мәнде өсу 3,1% болды), 2022 жылғы мамырдың соңында 25 242,4 млрд теңгені құрады.
Заңды тұлғалардың депозиттері бір айда 12 755,2 млрд теңгеге дейін 3,6%-ға төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері 12 487,2 млрд теңгеге дейін 1,3%-ға төмендеді.
Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 16 828,5 млрд теңгеге дейін 0,3%-ға артты, шетел валютасындағы депозиттердің көлемі – 8 414,0 млрд теңгеге дейін 7,6%-ға азайды. Долларландыру деңгейі 2022 жылғы мамырдың соңында 33,3% (2021 жылғы желтоқсанда – 36,0%) болды.
Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2022 жылғы мамырда 8 447,2 млрд теңгеге дейін 0,03%-ға, шетел валютасындағы депозиттер 4 308,0 млрд теңгеге дейін 9,9%-ға (заңды тұлғалар депозиттерінің 33,8%-ы) біршама төмендеді.
Жеке тұлғалардың теңгедегі депозиттері 8 381,3 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға артты, шетел валютасындағы депозиттер 4 106,0 млрд теңгеге дейін 5,1%-ға (жеке тұлғалар депозиттерінің 32,9% ы) кеміді.
Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 1,4%-ға азайып, 16 942,6 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 11 527,2 млрд теңге, шетел валютасындағы салымдар 5 415,5 млрд теңге болды.
Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2022 жылғы мамырда 11,5% (2021 жылғы мамырда – 7,3%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 11,0% (8,6%) болды.