Kaspi.kz акционері Михаил Ломтадзе ағылшын кәсіби Wycombe Wanderers футбол клубының акцияларының басым бөлігінің иесі болды.
«Wycombe Wanderers футбол клубының 90% иелік ететін Feliciana EFL Ltd компаниясының меншігі Feliciana EFL LLC компаниясынан Михаил Ломтадзеге тиесілі Blue Ocean Partners II Limited компаниясына өтті», - делінген баспасөз хабарламасында.
Сонымен қатар, Михаил Ломтадзе клубтың директорлар кеңесіне қосылды (директорлар кеңесінің екі жаңа мүшесі - Эдуард Вишняков пен Даниэль Райспен бірге).
Wycombe Wanderers футбол клубы Англияның оңтүстік-шығысындағы Букингемширдегі Хай Уикомб қаласында орналасқан. 1887 жылы құрылған. Англияның 1-лигасында, яғни 3-дивизионында ойнайды. Команданың ең үлкен жетістігі — 2000/2001 Англия кубогының жартылай финалына дейін жетуі.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін 1 сәуірдегі акционерлердің жаңартылған тізіліміне сәйкес Kaspi-де акционерлердің меншік үлесі өзгерген болатын. Мажоритарлық акционерлер өз акцияларын 6,22% азайтты.