Қазақстандағы ақша айырбастау пункттерінде рубльге деген сұраныс 14 айлық рекордты жаңартты.

Ұлттық банктің мәліметінше, тамызда ресейлік валютаның таза сатылымы (сатып алу мен сатудың айырмашылығы) 12,9 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдың маусымынан бергі ең жоғары көрсеткіш. Өткен айда рубльдің ең белсенді сатылымы Астанада болды – 4,9 млрд теңге.

Жалпы, сату көлемі бір айға екі еседен астам өсті. Шілдеде таза сату көлемі шамамен 6 млрд құрады және аймен салыстырғанда 16 есеге жуық өскен.

Рубльге сұраныс оның әлсіреуі аясында өсуде: тамыздағы орташа ресми бағам – 4,75 теңге, ал шілдеде – 4,94. 

Ал долларға сұраныс бір айда төмендеді: шілдеде таза сатылым 194,1 млрд теңге, тамызда – 149,6 млрд теңге болды.Қалалар бойынша ең жоғары көрсеткіштер Шымкент (39,3 млрд) және Алматы (31,3 млрд).

Еуроға сұраныс та төмендеді: шілдедегі 16,2 млрд теңгеден тамызда 14,8 млрд теңгеге дейін, тек Алматының өзінде 8,6 млрд болды.