Ұлттық банктің мәліметінше, 2022 жылдың екінші тоқсанында Қазақстаннан басқа елдерге тікелей инвестицияның жалпы ағыны 443 миллион долларға дейін өсті, бұл ретте өткен жылы осы кезеңмен салыстырғанда олардың көлемі 22,03 пайызға азайып, 363 миллион долларды құрады, деп хабарлайды LS.
Отандық кәсіпкерлердің инвестиция көлемі ақпараттық-коммуникациялық салаға – 51,4 есеге – 36 млн долларға дейін, сондай-ақ жылжымайтын мүлікпен операциялар – 12,06 есеге, яғни 18,1 млн долларға дейін айтарлықтай өсті.
Бұл ретте кәсіптік, ғылыми және техникалық қызметке ең көп инвестиция салынды – 213 млн доллар (+4 есе), қаржы және сақтандыру қызметі – 79,1 млн доллар (-52,6%), құрылыс – 31,5 млн доллар (-8,16%) болды.
Сондай-ақ қазақстандықтар көлік және қойма өнеркәсібіне – 28,9 миллион доллар, өңдеу өнеркәсібіне – 15,6 миллион доллар инвестиция құйған.
Бұл ретте тау-кен өнеркәсібіне қаражат ағыны 83,9%-ға, яғни 1 млн долларға дейін қысқарды.
Қазақстандықтар арасында инвестиция салуға ең танымал елдер – Ресей, Ұлыбритания, Кайман аралдары, Қырғызстан және Нидерланды.