Al Hilal банкінің атаув ADCB ислам банкі болып өзгермек. Бұл шешімді банктің акционері Abu Dhabi Commercial Bank қазанда қабылдады, делінген ұйымның Қаржылық есеп беру депозитарийінің сайтында жарияланған хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Біріккен Араб Әмірліктерінің ADCB банкі Қазақстан нарығына кіретінін хабарлаған едік.
Банктің ребрендингі шілде айының соңында белгілі болды. Содан кейін ADCB Al Hilal атауын өзгерткеннен кейін банк тек корпоративтік клиенттермен жұмыс істеуге көңіл бөлетінін хабарлады.
БАӘ холдингі Қазақстанда банктік хаб құруды жоспарлап отыр, ол клиенттерге шариғатқа сай қызметтердің кеңейтілген спектрін ұсынады.
ADCB Al Hilal компаниясын 2019 жылдың мамыр айында сатып алды. ADCB акцияларының бақылау пакеті (62,52%) Абу-Даби үкіметіне тиесілі, қалғаны жеке тұлғаларға тиесілі.
1 қазандағы жағдай бойынша қазақстандық Al Hilal активтері 154,4 млрд теңгені, міндеттемелері – 126,8 млрд теңгені, меншікті капиталы – 27,5 млрд теңгені, таза пайдасы – 2,2 млрд теңгені құрады. Қазақстандық 21 банктің ішінде ол қаржылық көрсеткіштері бойынша бір ғана несие ұйымын — Заман Ислам банкінен асып тұр.