«Food Solutions KZ» ЖШС басқаратын жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар желісі жеткізілім шектеулеріне байланысты Қазақстанда McDonald’s брендімен жұмысын тоқтатады, деп хабарлады компания өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.
«Компания жұмысының қайта жандануы және жылдам қызмет көрсететін мейрамханалардың жаңа атаумен ашылу мерзімі туралы жақын уақытта жарияланатын болады. Осы ауысым жүзеге асқаннан кейін компания жұмысын жалғастыруға қатысты барлық сұрақтарға жауап береміз», – дейді компанияның баспасөз қызметі.
«Мейрамханалар желісі ашылғаннан кейін келушілерге жоғары сапалы өнімдер, түрлі мәзір мен қонақжай қызмет ұсынылады. Жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар қолданыстағы жоғары стандарттарға, құндылықтарға және бизнес принциптеріне сәйкес жұмысын жалғастырады», – деп мәлімдеді компания әлеуметтік желідегі парақшасында.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ақпарат құралдарында аталған мейрамханалар желісі санкцияларға байланысты Ресейден ет сатып ала алмай жатқаныхабарланған еді.
Айта кетейік, «Food Solutions KZ» ЖШС Қазақстандағы McDonald’s франшизасының иесі болған.