ҚР-дағы автокөлік саны бір жыл ішінде 8,4% көбейіп, биыл сәуірдің соңында 4,1 млн болды. Өсім барлық жыл санаттары бойынша байқалса, ең елеулі өсім көрсеткіші жаңа автокөліктерде ерекге байқалды (3 жылдан жаңа): бірден 31,1%.
Сонымен қатар, әне-міне ескі көліктер санатына кірейін деп тұрған 10-20 жылдық көліктер саны да айтарлықтай 13,5% көбейді.
Қазақстанда ескі көліктер әлі көп. 20 жастан асқан автокөліктердің саны бір жылда 4% көбейіп, 2 млн-ға жуықтады, алайда олардың үлесі 50,3%-дан 48,3%-ға дейін төмендеді.
20 жылдан ескі автокөліктердің ең көп саны Алматы облысында тіркелген: 317,7 мың, одан кейін Алматы қаласы (180,9 мың) және Қарағанды облысы (157,6 мың).
Бұл ретте, пайыздық үлес бойынша ескі көліктер ең көп өңірлер Жамбыл (69,6%), Алматы (64,9%) және Оңтүстік Қазақстан (66,6%) облыстары. Бұрынғы Оңтүстік Қазақстанда тіркелген көліктер саны 148,7 мың болса, оның 99,1 мыңы ескі.
20 жылдан ескі көліктер жалпы көлік санының жартысын құрайтын өңірлер қатарында Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстары да бар.
Пайдаланылған көліктердің бағасы бесінші ай қатарынан төмендеп келеді (ақпан айынан бастап, наурызда өзгеріссіз қалды). Нәтижесінде, 2023 жылдың маусымында пайдаланылған жеңіл автокөліктер былтырғы сәйкес мерзімімен салыстырғанда бір айда 1,3% және бір жылда 5,2% арзандады. Анықтама үшін: 2022 жылдың маусымында секторда жылдық бағаның 11,8% өсуі тіркелді.
Бұл ретте жеке көліктерді пайдалану құны бір жылда 15,7% өсті.