2024 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 766,6 мың адамға отандық курорттық аймақтар қызмет көрсетті. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63,1 мың адамға артық.
2024 жылғы қаңтар-наурыз деректері бойынша ең танымал курорттық аймақ 551,9 мың келуші келген Алматы тау кластері.
Екінші орын Щучье-Бурабай курорттық аймағына тиесілі. Бұл аймақта 69,1 мың адам орналасқан.
Үшінші орын Маңғыстау курорттық аймағы-57,5 мың келуші орналасқан.
Үздік бестікке сонымен қатар екі танымал курорттық аймақ – Түркістан туристік аймағы (26,1 мың адам) және Алтай курорттық аймағы (20,7 мың адам) енді.
2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында курорттық аймақтарда орналастыру орындары көрсеткен қызмет көлемі 27,8 млрд теңгені құрады. 2023 жылдың осындай кезеңінде 23,2 млрд теңгеге қызмет көрсетілді, бұл тиісінше 19,8% артық.