Соңғы жылдары отандық қор нарығында жеке тұлға, яғни бөлшек инвесторлар қарқынды
көбейіп келе жатыр. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Орталық депозитарийдің (KCSD) номиналды ұстау жүйесіндегі брокерлік шоттар саны
899 мыңға жақындады, оның ішінде 525 мыңға жуығы
ұстаушылардың қосалқы шоттарына және 373 мыңы омнибус шот арқылы
есепке алынатын жеке шоттарға тиесілі. Жыл басымен салыстырғанда, қосалқы
шоттар саны 2,4 есеге өсті. Қосалқы шоттардың көп бөлігі жеке
тұлғалардың атына ашылды.
Қазақстандық
инвесторлар жас. 2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша
25–34 жас аралығындағы бөлшек инвесторлар тобы бөлшек инвесторлардың жалпы
санының 30,4%, 18–24 жасқа дейін – 18,9%, 18 жасқа дейін –
небәрі 0,1% құрады. 35–54 жас аралығындағы топ бұрынғысынша ең
көп топ болып қала береді. Рас, жыл басынан бері ол
40%-тен 35,3%-ке дейін қысқарды. Бірақ 55 жастан асқан
инвесторлардың үлесі 2022 жылғы 1 қарашадан бастап 14,2%-тен 15,3%-ке
дейін өсті. Бұған дейін оның 2022 жыл бойы жүйелі түрде қысқарғанын еске
сала кеткен жөн.
Орталық депозитарийдің басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджановтың айтуынша, инвесторлық
базаның жасаруы нарыққа кіру кедергілерінің азаюымен, бірінші кезекте жеке
тұлғаны қашықтан сәйкестендіру есебінен брокерлік шот ашу процесін жеңілдетумен
және жаңа цифрлық брокерлік қосымшалардың пайда болуымен байланысты, дейді
басқарма төрағасы.
Гендерлік бөлініске келетін болсақ, бөлшек инвестор-ерлер 57,5%, әйелдер –
42,5% құрайды. Сонымен қатар жыл басынан бері брокерлік шот иелері
арасындағы әйелдер саны шамамен 2,7 есеге өсті.
Аумақтық бөліністе Алматы (21,4%) мен
Астана (11,1%) әлі де көш бастап тұр. Үздік үштікті Түркістан
облысы (9,5%) түйіндейді. Брокерлік шоттардың ең аз саны еліміздің
солтүстігінде, әсіресе Солтүстік Қазақстан облысында ашылды (1,6%).
KCSD депоненттері
омнибус шоттар арқылы қызмет көрсететін инвесторлар саны соңғы айда
168 мыңнан астам жеке шот қосты.
Халықаралық компаниялардың акцияларын сататын қазақстандық брокер
Нарықта бөлшек инвесторлардың күрт көбеюіне заңнамалық базаның жақсаруы
және брокерлік қызметтің цифрлануы қатты әсер етті. Қазір инвесторлар
инвестициялауды мобилді қосымша арқылы онлайн форматта жүзеге асыра алады.
Осындай жеңіл әрі ыңғайлы мобилді қосымшаны Freedom Broker ұсынып отыр.
Компания Қазақстан, Ресей, Германия, Украина, Қырғызстан, Өзбекстан және
Кипр сияқты 7 елде қызметін жүзеге асыратын халықаралық деңгейдегі жүйе құрушы
инвестициялық компания. Компания халықаралық Freedom Holding Corp инвестициялық
тобына кіреді. Топтың меншікті капиталы $110 000 000.
Компанияға қарасты Freedom Finance Global компаниясы бөлшек
инвесторларға қызмет көрсетумен айналысатын жаңа мүмкіндіктер ұсынатын брокер.
Компания «Астана» халықаралық қаржы орталығында тіркелген және ағылшын құқығы
аясында қызмет етуге лицензия алған. Freedom Finance Global клиенттері
NYSE/NASDAQ, London Stock Exchange, HKEX, Frankfurt Stock Exchange секілді
халықаралық қаржы нарықтарындағы биржалық операцияларға қосыла алады және холдингтің
ең танымал қызметтерінің бірі IPO-ға қатысады.
2022 жылдың
қаңтар-қыркүйек аралығында компанияда 13 мыңнан астам есепшот ашылып, 1 млн-нан
астам келісімшарт жасалды. 2022 жылдың 1 қазанындағы мәлімет бойынша,
компаниядағы есепшоттардың жалпы саны 60 мың болса, жалпы саны 3,3 млн
келісімшарт жасалған.
Сонымен қатар Freedom Holding Corp. жанындағы Freedom
24 акциялар сататын интернет-дүкен игілігін де аттап өте алмаймыз. Бұл
жерден белгілі қазақстандық және халықаралық компаниялардың бағалы қағаздарын
сатып алуға болады. Мұнда 65 компанияның акциясы бар. Атап айтсақ, шетелдік
компаниялар арасынан – Ford Motor Company, Starbucks Corporation, The Coca-Cola
Co, Apple Inc., Facebook Inc., Microsoft Corporation акцияларын, қазақстандық
компаниялар арасынан – Halyk Bank, «ҚазТрансОйл», «ҚазАтомПром»,
«Қазақтелеком», «KEGOC» акцияларын сатып алу мүмкіндігі бар. Бұдан бөлек
таяуда өткен «ҚазМұнайГаз» АҚ IPO-ға шығуы да бөлшек инвесторлар санын
ұлғайтып, отандық мұнай-газ компаниясының акциясын сатып алғысы келетін
азаматтар осы Freedom Broker қызметіне жүгінді. Компания бөлшек инвесторларға
технологиялық шешімдер мен тиімді қызмет шарттарын ұсынып отыр.
Бастауыш инвесторларға білім беретін бірегей жоба
Freedom
Broker
бөлшек инвесторларға қолайлы жағдай жасаумен ғана емес, халықтың қаржылық
сауаттылығын арттыру жолында да ауқымды жұмыстар атқаруда. Ересектерге арналған Freedom Academy жобасы қаржылық сауатты
арттыруды мақсат етеді.
Алғашқы теориялық
кезеңдерден кейін студенттер мамандардың жетекшілігімен қор биржасында алғашқы
мәмілелерін жасайды. Бұл – алған білімдерін тәжірибеде қолдану, нақты
нәтижелерді көру және стратегияны дер кезінде жетілдіру үшін кері байланыс алу
мүмкіндігін ұсынады.
Сонымен
қатар, мектеп оқушыларына арнайы ұйымдастырылған Freedom Camp онлайн
және офлайн лагерін айта аламыз. Соңғы екі жыл көлемінде аталған жобаға қатысам
деушілер саны күрт артып, нәтижесінде ұйымдастырушылар жоба ауқымын кеңейтуге
мәжбүр болды.
Лагерь барысында креативті форматта интерактивті ойындар
ұйымдастырылып. Мұндай формат – балалардың ішін пыстырмай, қаржы әлеміне деген
қызығушылықты арттыруға таптырмас тәсіл. Балаларға қаржылық сауат әліппесін
үйрететін әрбір сабақ 1,5 сағатқа созылады. Ал негізі 8 сабақ түрі әзірленген.
Бір топта 6-8 бала болады.
Қазақстандықтар неліктен Freedom Broker-ді
таңдайды?
Қаржы нарығының қызығын көріп, өзімді кәсіби тұрғыда дамытамын деген жеке
тұлға үшін Freedom Broker ұсынып отырған құралдар – таптырмас мүмкіндік.
Компания төрт негізгі қағиданы басшылыққа алады, олар – сенімділік,
көшбасшылық, инновацияға бейімділік және қаржы. Компания отандық қаржы
секторында азаматтардың жеке қаржылық түсінігін өзгертіп, жаңа инвестициялық
шынайылықты қалыптастыруда.
Компанияның өзінің интернет-дүкеніндегі отандық және шетелдік ең танымал акциялардың инвесторларға таңдау мүмкіндігін кеңейтсе, ағарту мақсаттарындағы ересектерге және оқушыларға арналған жобалары бастауыш инвесторлардың терең білім алып, теориялық және тәжірибелік білім алуына жағдай жасайды. Мұның барлығы компанияның жай ғана қор нарығынан табыс табатын брокерлікпен шектелмей, халықтың инвестициялық мәдениеті мен білім көтере отырып, инвесторлардың қосымша табыс табуына мүмкіндік ұсынатын маңызды қызметпен де айналысып жатқанына көрсетеді.