ОнлайнКазФинанс микроқаржы ұйымы банкке айналады. Мұндай шешімді 21 маусымда жалғыз акционер қабылдады.

Акционердің шешімі бойынша «қоғамды микроқаржы ұйымынан банкке айналдыру түріндегі ерікті түрде қайта құру» жүзеге асырылады. Жаңа банк Solva Bank деп аталады және акционерлік қоғам болады. Ерікті қайта құру аясында Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес банктің бизнес-жоспары бекітілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, ОнлайнКазФинанс микроқаржы ұйымы (Solva бренді) IDF Eurasia халықаралық қаржы тобына кіреді. Қаржы институты Қазақстан нарығында 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол жеке тұлғаларды несиелеумен де, ШОБ-қа несие берумен де айналысады. IDF Eurasia құрылтайшысы Борис Батин.

Естеріңізге сала кетейік, таяуда елде жаңадан банк ашу жеңілдейтінін жазған едік.