Көптеген жылдар бойы сату менеджерлері мен сатушылар ең көп сұранысқа ие мамандықтар көшін бастап келеді.
Жыл басынан бері осы салада 100 мыңға жуық бос жұмыс орны жарияланды, деп хабарлайды hh.kz.
Порталға жарияланған бос жұмыс орындарының 38%-дан астамы сату менеджерлері мен сатушыларға тиесілі.
Бос жұмыс орындарының саны бойынша екінші орында қара жұмысшылар алды. Бұған дейін екінші орында бухгалтерлік есеп пен қаржы бухгалтерлері еді. Олардың орнын кеңселік бағдарламалар алмастырып, енді әлгілер жұмыссыз қалды.
Үшінші орында қызмет көрсету секторындағы байланыс орталығының операторлары, кеңсе менеджерлері, әкімшілер және хатшылар. Жарияланған бос орындардың оннан бірі осыларға тиесілі.
Логистикалық қызметтегі курьерлер мен жүргізушілерге деген сұраныс төртінші орында. Былтыр бұлар алтыншы орында еді.
Ең қарқынды дамып келе жатқан ақпараттық технологиялар мамандарына сұраныс бесінші орында.
Сонымен қатар сақтандыру және шикізат өндіру саласында да бос жұмыс орындары көп.