Биыл қаңтар-қазанда мал шаруашылығы саласына негізгі капиталға салынған инвестиция 144,2 млрд теңгеге жетіп, былтырғыдан ақшалай түрде 15,9% көбейді.
Өңірлер бойынша салаға ең көп инвестиция Павлодар облысында салынды: 50,2 млрд теңге немесе 2022 жылдың қаңтар-қазанымен салыстырғанда бірден 65% көп. Үздік үштікке Абай (24,1 млрд теңге, жылдық өсім 4,6 есе) және Алматы (15,7 млрд теңге, 23,7% азайған) облыстары да кірді.
Биыл он айдың қорытындысы бойынша, мал шаруашылығы жалпы өнімі 3,5 трлн теңгеге жетіп, былтырғыдан ақшалай түрде 17,2% көбейді. Бұл ретте нақты мәндегі өсім 3,3%.
Өңірлер бойынша ең көп өнім өндірген Түркістан облысы: 379,8 млрд теңге, нақты мәнде 1,8% көбейген.
Алғашқы бестікке Алматы (368,9 млрд теңге, 2,9% көбейген), Ақмола (309,2 млрд теңге, 4,2% көбейген), Абай (268,3 млрд теңге, 2,8% көбейген) және Солтүстік Қазақстан (266,1 млрд теңге, 2,8% көбейген) облыстары кіреді.
Ең төменгі көрсеткіштер дәстүрлі түрде ауыл шаруашылығы емес өңірлерде – Астана, Алматы қалаларында және Маңғыстау облысында тіркелді.
2023 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, ҚР-дағы ірі қара мал басы 9 млн болды, бұл былтырғыдан 2,9% көп. Оның ішінде 4,8 млн сиыр болды, бұл 2022 жылдың 1 қарашасындағы көрсеткіштен 5% артық.
Қой саны 4,4%, 21,2 млн басқа; жылқы 8,3%, 4 млн басқа; түйе 5,3%, 277,6 мың басқа; құс 9,5%, 54 млн басқа дейін өсті.
Бұл ретте ешкі (3,5%, 2,3 млн басқа) және шошқа (2,9%, 804,2 мың басқа) санының қысқаруы байқалды.
Мал және құс шаруашылықтары тірі салмақта 1,7 млн тонна (бір жылда 4,8% көбейген) және сойылған салмақта 996,4 мың тонна (5% көбейген) сойылды немесе сатылды.
Тауық жұмыртқасы өндірісі 4,1 млрд дана (1,7% азайған), сүт өндірісі – 5,7 млн тонна (2,8% көбейген).
Ірі мал терісі өндірісі бір жылда 1,9%, 2,6 млн-ға, ал ұсақ мал терісі өндірісі 1,4%, 5,9 млн өнімге дейін өсті.