Қазақстанда хостел көбеіп келеді. 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша орналастыру орындарының саны 3 848 бірлік болды. Былтырғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 92 бірлікке өсті, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы.
Статистика бюросының мәліметінше, 2 215 хостел қалада, 1 633-і ауылда. Олардың ішінде (2022 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда):
- Мейрамханасы бар қонақүй – 751 (-48);
- Мейрамханасы жоқ қонақүй – 1450 (+42);
- Демалыс үйі – 96 (+9);
- Демалыс пансионаты – 28 (0);
- Балалар лагері – 110 (-1);
- Туристік база – 52 (0);
- Кемпинг – 38 (+4);
- Хостел – 111 (+35).
Ең көп орын саны дәстүрлі түрде Алматыда – 337 және Жетісу облысында – 334. Ең азы – Ұлытау облысында – 24.