2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанда 722 сауда нарығы бар.
- Бұл бір жыл бұрынғыдан 16 бірлікке аз.
- Осымен бесінші жыл қатарынан азайып келеді.
- Қазір олардың саны кемі соңғы 10 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.
Сонымен қатар, сауда базарларындағы орындар саны азайып келеді. Қазір бұл көрсеткіш те он жылдағы ең төменгі деңгейде – 173 мың бірлік.
Төмендеу негізінен бөлшек сауда нарығына байланысты. Бес жылдың қорытындысы бойынша олардың саны 61 бірлікке (747-ден 686-ға) азайды. Ал көтерме – тек екеуі (38-ден 36-ға дейін).
Осыдан шығатын қорытынды, халық базарлардың орнына сауда орталықтарына көбірек бара бастаған деген сөз.