Әлемдік аштық индексі рейтингінде ең қауіпсізден бастап аштыққа бейім елдерге дейінгі тізімде Қазақстан 2022 жылы 121 елдің ішінде 24-орында. Елдің индексі 5,9. Көрсеткіш төмен болған сайын елде ашаршылық қаупі азаяды, деп хабарлайды finprom.kz.
Бірден 17 мемлекет көш басынан көрінді: Беларусь, Босния және Герцеговина, Чили, Қытай, Хорватия, Эстония, Венгрия, Кувейт, Латвия, Литва, Черногория, Солтүстік Македония, Румыния, Сербия, Словакия, Түркия, Уругвай және Йемен.
Қазақстаннан жоғары ТМД елдерінің ішінде Беларусьтен басқа Өзбекстан да орналасқан, төменде Ресей, Армения, Молдова, Әзірбайжан, Украина*, Қырғызстан, Түрікменстан және Тәжікстан.
Биылғы қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша азық-түлік өндірісі саласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 102,3 млрд теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғыдан 25% көбейді. Инвестицияның нақты көлемінің нақты өсімі 21,1%-ды құрады.
Өңірлер бойынша Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр: 20,5 млрд теңге, былтырғыдан 30,3% көп. Екінші және үшінші орында Ақмола (18,5 млрд теңге) және Алматы (14,4 млрд теңге) облыстары.
Салаға құйылған инвестицияның ең аз көлемі Атырау облысына тиесілі: бар болғаны 222,9 млн теңге, жылдық өсім 2,3 есе.
Азық-түлік өнімдерін өндіру саласына құйылған инвестиция көлемінің жартысынан астамы кәсіпорындардың меншікті қаражаты 63,2 млрд теңге, былтырғыдан 17% көп.
Тағы 27,1 млрд теңге банк несиесі (84,5% көбейген), 12 млрд теңге банктік емес қарыздардан (8,5% азайған).