Еуропаның халыққа электр қуаты қолжетімділігі рейтингінде Қазақстан электр қуаты ең арзан ел ретінде танылды. Қазақстанда электр қуаты орташа есеппен 14,03 теңге кВт/сағ. Қазақстаннан кейінгі ең арзан үштікте Ресей (21,69 теңге кВт/сағ) мен Украина (теңге 27,45 кВт/сағ) бар.
Ал жалпы әлем бойынша Қазақстан халыққа электр қуаты ең аз елдердің үздік ондығына кірді. Қазақстанда орташа айлық жалақыға 13,99 мың кВт/сағ электр қуатын алуға болады. Бұл арзандығы бойынша әлемде 8 орын.
Жалпы, электр қуатының қолжетімділігі жағынан Норвегия мен Исландия көш басында. БҰл елдер электр қуатын тұтыну жағынан да ең алдағы елдер.
Ал Қазақстан электр қуатын тұтыну көрсеткіші жағынан Қазақстан 143 елдің ішінде 41 орында. Беларусь заняла лишь 60-орын, Украина 67, Әзірбайжан 80, Молдова 81, Армения 82, Қырғыз Республикасы 84, Өзбектсан 87, Тәжікстан 90-оырнда.
IEA мәліметінше, Қазақстан халықты электр қуатымен 100% қамтыған елдер тізіміне кіреді. Мұндай жүз пайыз қамту рейтингке кірген елдердің тек жартысында ғана бар.
Бұған дейін электр қуаты өндірісі артып, бағаның қымбаттағанын жазған едік.