2021 жылдың алғашқы үш тоқсанында Қазақстанда электр қуаты өндірісі 7,7% ұлғайып 83,6 млрд кВт/сағат болды. Ал тұтыну көлемі 7% көбейіп 82,9 млрд кВт/сағатты құрады.

Өңірлер бойынша Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында электр қуаты артығымен жеткілікті. Басқа өңірлерде тапшылық бар.

Былтырғы үш тосқанмен салыстырғанда Қызылорда облысында өндіріс (16,5%), БҚО-да (14,3%), Ақмола облысында (14,2%), Түркістан облысында (12,7%) және Алматы облысында (11,4%) ұлғайды.

Айта кетейік, биыл электр қуаты өндірісі күрт көбейді. Былтыр көрсеткіш 1,5%, ал 2019 жылы 1,6% өскен еді.

Қыркүйек айында былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда тұтыну деңгейі 8,7 млрд кВт/сағат болды. Өсім 7,5%. Өңірлер бойынша тұтыну көбейген өңірлер БҚО (28%), Түркістан облысы (15%) және Ақмола облысы (13%).

Электр қуатының бағасына келер болсақ, тоғыз ай қорытындысы бойынша баға 6,2% қымбаттады. Былтыр қымбатшылық 3,2%, ал 2019 жылы 6,8% болған еді.