Қазақстанның энергетика министрлігі Қашағанның игерушісі NCOC компаниясынан шамамен 2,3 триллион теңге (5,1 миллиард доллар) экологиялық айыппұл өндіру туралы сотқа шағым түсірді. Бұл туралы ҚР Экология министрлігіне сілтеме жасап Bloomberg хабарлайды.
«Қазақстан Республикасының Экология министрлігі «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» компаниясын (NCOC) өз өндірісінде рұқсат етілген мөлшерден екі есе көп күкірт сақтады деп айыптайды», - деп жазады басылым.
Бұған дейін NCOC ережеге сай жұмыс істеп жатқанын айтқан.
Қашаған кен орны соңғы онжылдықтарда ашылған ең ірі мұнай кен орындарының бірі болып саналады. Оның алынатын қоры 9 бен 13 миллиард баррель мұнайды құрайды деп бағаланады. Қашағандағы коммерциялық өндіріс 2016 жылдың күзінде басталды.
NCOC консорциумының акционерлері KMG Kashagan B.V. (16,877%), Shell Kazakhstan Development B.V. (16,807%), Total EP Kazakhstan (16,807%), AgipCaspian Sea B.V. (16,807%), ExxonMobil Kazakhstan Inc. (16,807%), CNPC Kazakhstan B.V. (8,333%) және Inpex NorthCaspian Sea Ltd. (7,563%).