Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, 5 айда Қытайдан 16 333 көлік импортталған, бұл тұтас 2022 жылмен салыстырғанда (12,5 мың бірлік) үштен бірге көп.

Ақшалай түрде импорт 291,8 млн долларды құрады (2022 жылдың 12 айында көрсеткіш 183,9 млн доллар болған).

Бірақ Қазақстанға Қытайдан ғана көлік импорты көбейіп жатқан жоқ. Мысалы, АҚШ-тан да автокөлік импорты қарқын алып келеді. 

  • 2020 жылы АҚШ-тан ай сайын орташа есеппен 4,9 млн доллар болатын 114 автокөлік әкелінді.
  • 2021 жылы 10,6 мллн долларға 365 автокөлік импортталды.
  • 2022 жылы 16,9 млн долларға 741 автокөлік импортталды.

Биыл тек мамыр айында АҚШ-тан 3 040 жеңіл көлік әкелінді – бұл рекордтық көрсеткіш. Жыл басынан бері импорт 10,2 мың бірлікті құрады. Бұл қазірдің өзінде 2022 жылмен салыстырғанда (8,9 мың бірлік) көп.

Жыл басынан бері америкалық автокөліктер үшін 192,2 млн доллар төленді (өткен жыл бойына – 203,1 млн доллар). Сәуір рекордтық ай болды (әзірше) – 46,2 млн доллар.

Қазақстанға әкелінетін көліктер саны бойынша Қытай мен АҚШ көш бастап тұр, бірақ олардың жалпы құны бойынша Жапония көш бастап тұр. Ресейге қарсы санкциялар енгізілгеннен кейін импорт ең алдымен осы елден өскен. Ал тұтастай алғанда тренд жалғасуда: 5 айда осы елден жеңіл автокөліктердің импорты 2022 жылғы қаңтар-мамырдағы 217,3 млн доллармен салыстырғанда 329,6 млн долларды құрады. Импортталған көліктер саны 5,7 мыңнан 9,7 мың данаға өсті.

Бірақ 5 айдың қорытындысы бойынша импорт басқа елдерден де көбейді:

  • Германиядан – 2022 жылға дейін 15,7 млн доллардан 2023 жылы 116,2 млн долларға дейін; 
  • Кореядан – 21,9 млн доллардан 104,9 млн долларға дейін;
  • Ұлыбританиядан 1,2 млн доллардан 28,4 млн долларға дейін;
  • Түркиядан – 3,7 млн доллардан 21,9 млн долларға дейін;
  • Индонезиядан – 1,9 млн доллардан 18,1 млн долларға дейін;
  • Канададан – 4,7 млн доллардан 19,5 млн долларға дейін.

Биыл 5 айда көлік импортының жалпы көлемі 1 млрд 184,8 млн доллар. Бір жыл бұрын 375,5 млн доллар болған.