2023 жылдың қыркүйегінде Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол тасымалының көлемі былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 24% өсіп, 2,4 млн тоннаға жетті, деп хабарлады «Самұрық-Қазына».

Тасымалдау өсімінің негізгі драйвері экспорттық жүктерді тиеу болды. Қытайға экспорт 57% өсіп, 1,2 млн тоннаны құрады. Атап айтқанда, астық экспорты 125% өсті. Қыркүйек айында импорт 13% өсті.

Жалпы, 2023 жылдың 9 айында елдер арасындағы жүк тасымалының жалпы көлемі 22% өсіп, 21,1 млн тоннаны құрады. Оның ішінде «Алтынкөл-Қорғас» теміржол өткелі арқылы 9,2 млн тонна тасымалданды, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 28% жоғары. Қытайдан жүкті қабылдау 10%, 8,3 млн тоннаға дейін, жеткізу – 31%, 12,8 млн тоннаға дейін өсті.

«Қазан айының аяғына дейін теміржолшылар 2022 жылға 23,2 млн тонна жүк тасымалдау көлемін орындауды жоспарлап отыр, бұл тарихи максимум», - деп хабарлады компания.