ҚДБ бизнес өнімдерінің желісін кеңейтті.
Институт кәсіпкерлерге несиелері бойынша кепілдіктер беруді және тәуекел комиссияларын субсидиялауды бастайды.
Кепілдік сомасы 10 жылға дейінгі мерзіммен 3,5 млрд теңгеден 20 млрд теңгеге дейін. ҚДБ кепілдіктері несие сомасының 90% дейін жабады.
Биыл жыл соңына дейін ҚДБ осы тетік бойынша кемінде 100 млрд теңге көлемінде кепілдік беруді жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктердің 11,5%-дан аспайтын мөлшерлемемен жеңілдікті қаржыландыруды қамтамасыз ететін кепілдік тетігі іске қосылады, деп хабарлайды ҚДБ баспасөз қызметі.