Үкімет отырысында көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев Премьер-Министр Әлихан Смайыловты жүк автотасымалдарын және елдің транзиттік әлеуетін дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті
Оның айтуынша, алыс қашықтыққа халықаралық тасымалдарда 7,6 мың автокөлік құралы бар 370 қазақстандық тасымалдаушы жұмыс істейді. Тұтастай алғанда, БАӘ-ге 27,7 мыңавтокөлік паркі бар 3 578 қазақстандық тасымалдаушы жұмылдырылды, олардың куәліктері мен рұқсат карточкалары бар.
Биыл 9 айда 5,5 млн тонна жүк тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 22%-ғаартық. Тасымалдау үкіметаралық келісімдер шеңберінде 42 елмен жүзеге асырылады. Осы тасымалдардағы отандық операторлардың үлесі 42 пайызды құрайды.
Транзиттік тасымалдарда да оң динамика байқалады. Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша транзиттік тасымалдардың жалпы көлемінің өсімі өткен жылмен салыстырғанда 44%-ға өскен (2,5-тен 3,6 млн тоннаға дейін). Негізгі көлем 2 есе ұлғайған (0,7-1,5 млн тонна) және ҚХР жүктеріне тиесілі.
Сондай-ақ вице-министр қазақстандық тасымалдаушылардың үлесі 13%-ға өсіп, Еуропаелдерімен жүктерді экспорттық/импорттық тасымалдаудың оң серпінін атап өтті. Ақшалайтұрғыда қарағанда бұл ел экономикасына шамамен 80 млрд теңге қосымша түсім.
«Бүгінгі таңда Беларусь пен Еуропа елдері арасында орналасқан 13 өткізу пунктінің 8-і жабылды. Ресей Федерациясы мен Финляндия арасындағы барлық өткізу бекеті де жабылды. Осыған байланысты Беларусь-Литва және Латвия шекараларында қазақстандық көліктің тоқтап тұру уақыты артып келеді. Сондықтан біз Түркіменстанмен және Иранмен отандық тасымалдаушылар Еуропаға жүктерді жеткізу үшін Оңтүстік маршрутты пайдаланған кезде еркін транзитті қамтамасыз ету үшін келіссөздер жүргіздік», – деді вице-министр.
Ол сондай-ақ отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабілеттілігі мәселесінде автокөлік құралдарының жеткілікті паркінің болуы шешуші рөл атқаратынын атап өтті. Сондықтан таяужылдары халықаралық автотасымалдарда жұмысістейтін ірі операторларды тарту, халықаралықтасымалдарға арналған автомобильдерді сатып алуүшін жеңілдікті жағдайлар жасау, сондай-ақершікті тартқыштардың отандық өндірісін дамыту есебінен автокөлік құралдары паркін 2 есе ұлғайту жоспарлануда.
Сонымен қатар БАӘ, Дания, Македония және Португалиямен автотасымалдау саласында үкіметаралық келісімдер жасасу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба жоспары бойынша Әмірліктермен келісім қазақстандық тасымалдаушыларға Парсы шығанағы порттарына шығуды және Үндістан, Пәкістан және басқа елдердің жүк тасымалдау нарығына шығуды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге вице-министр отандық тасымалдаушылар арасында адалбәсекелестік үшін жүкке нақты тапсырыс болған жағдайда шетелдік рұқсат бланкілерін берудің автоматтандырылған жүйесі енгізіліп жатқанын атап өтті.