Қазақстан импорттық кеңсе қағаздары мен мөрлерді мемлекеттік сатып алуға 2 жылға тыйым салады. Қаулының жобасын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әзірледі.
Ашық НҚА порталында жарияланған құжатқа сәйкес, жоба ішкі нарықты қорғау, экономиканы дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында қабылданған.
Министрліктің айтуынша, бұл тыйым отандық өндірістің артуына әкеледі.
«Қаулы жүзеге асырылатын кезеңде жаңа өндірістер ашылып, жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту жүзеге асырылады, қосымша жұмыс орындары ашылады, салық түсімдері артады», - делінген құжатта.
Жобада А3 және А4 пішіміндегі жазу, мөр немесе басқа графикалық мақсаттарда пайдаланылатын импорттық қағазды мемлекеттік сатып алуға қатысуға екі жыл мерзімге шектеу қарастырылған.
Құжатта жобаны қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайтыны баса айтылған.
Жоба 18 тамызға дейін талқылануда.
Еске салайық, 2022 жылдың көктемінде Ресейге қарсы санкцияларға байланысты Қазақстанда кеңсе қағазы тапшылығы болған. Одан кейін қағаз бағасы екі есе өсті. Айта кетейік, кеңсе қағаздары Қазақстанға негізінен Ресейден, біразы Түркия мен Қытайдан жеткізіледі.