Кино — өнердің бір саласы. Техникалық негізде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі. Кино әлеміне көз жүгіртетін болсақ сонау екі ғасырдан астам тарихы бар. Ал, Қазақ киносы ең алғашқы қадамын 1938 жылы аттады. Алғаш рет «Амангелді» фильмі «Ленфильм» киностудиясында түсіріліп, көрермен назарына ұсынылды. Дәл осы туынды Қазақ кино драматургиясының қалыптасуына әсерін тигізді десек болады. Осыдан кейін басқа жазушыларымыз бұл салаға қызығушылық танытып, білек сыбанып ат салыса бастады. «Амангелді» алғашқы қазақ актерлеріміздің шеберлігін шыңдады десек қателеспейміз. Ұлттық кино актерлер мектебінің пайда болуына да Ғабит Мүсіреповтың сценарийі бойынша түсірілген шығарма түрткі болды. Содан бері қазақ кино қоржынына көрермен көзайымына айналған көптеген фильмдер түсті. Өз көрермендеріне өзі ие бола алмай жатса, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Бандыны қуған Хамитттер» тұнған өнер еді. Тәуелсіздік алғаннан кейін де Қазақстандағы киностудиялардың саны едәуір өсті. Араға бірнеше жылдар салып, 2005 жылы «Жаңа леп, жаңа толқын» уақыты келіп жетті. Сол уақыттан бері қазақ киносы қарқынды даму үстінде. Жекеменшік студиялар да қазақ киносында өз таңбаларын қалдыруға бел буған. Заман талабына сай болар қазір жеңіл, комедиялық кинолар көп түсірілуде. Мейлі ол жеңіл болсын. Бірақ, кинотетарда қаптаған шетелдік туындыларды біршама болса да, ысыруға септігін тигізіп жатыр. Дегенмен, үш жыл бұрын ел тарихына қайта оралып, «Томирис» атты тарихи кино жарыққа шықты. Елдің біраз сынына ұшыраса да, сақ дәуіріндегі өмірді көрсете білді. Сараптай келе,қазақ киносын екі кезеңге бөлуге болады. Екі кезеңді салыстырып қарар болсақ,кеңестік кезеңдегі қазақ киносы астарлап болса да, қазақтың, ұлт болып сақталуына әлдеқайда көп үлес қосты.
Ақан Сатаев: «Кино-жақсы, қол жетімді босуақ» демекші қазақ киносының қарқынды дамуы қуантарлық жағдай. Қазақты қазақ етіп танытатын тарихи мәні бар кинолар түсіріліп, әлемге танылып жатсақ нұр үстіне нұр болар .
«Ұлы фильм жасау үшін үш нәрсе керек: сценарий,сценарий және тағы да сценарий» (Альфред Хичкок).
Аяулым Алмасқызы, 11 сынып оқушысы