Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ірі америкалық корпорациялармен инвестициялық дөңгелек үстел аясында екіжақты құжаттарға қол қою рәсімі өтті.

Осылайша, «Самұрық-Қазына» АҚ мен «General Electric» компаниясы электр энергиясын өндіру объектілерін дамыту бойынша тәжірибе алмасу бойынша ынтымақтастық және серіктестік туралы келісімге қол қойды.

1 - обрез.jpg

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Wabtec» корпорациясы локомотивтерді өндіру, жеткізу және оларға техникалық қызмет көрсету, цифрлық шешімдерді енгізу және локомотивтерді газ моторлы отынға айналдыру арқылы жасыл технологияларды қолдану бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

2 - обрез.jpg

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен «General Electric» арасында Қазақстан Республикасында инвестициялық жобаларды әзірлеу және іске асыру, оның ішінде медициналық техника өндірісін оқшаулау бойынша өзара түсіністік туралы Меморандум жасалды.

3 - обрез.jpg

Сондай-ақ, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен «Pfizer» арасында пневмококкқа қарсы вакцина өндірісін локализациялау мақсатында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

обрез - 4.jpg

«QazaqGaz» ҰК» АҚ мен америкалық тараптар арасында үш құжат жасалды. Атап айтқанда, «Honeywell» корпорациясымен жабдықты жинауды (соның ішінде есептегіштерді), технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі, күкірт диоксидін тазарту, кептіру және өңдеу, цифрландыру, персоналды оқыту бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

обрез - 5 .jpg

«Baker Hughes» компаниясымен Қазақстандағы жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді оқшаулау, Шымкент оқу зауыты базасында мамандар даярлауды оқшаулау, газдан өнеркәсіптік электр энергиясын өндіру, көмірқышқыл газының шығарындыларын азайту мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

6 обрез .jpg

Сонымен қатар, «Solar Turbines» компаниясымен газ кен орындарын өнеркәсіптік игеру, InSight GCU басқару бағдарламасына қашықтан қосылу арқылы кеңес беру қызметтерін көрсету, жұмыс істеп тұрған станцияларды жаңғырту, газ тасымалдау инфрақұрылымын кеңейту мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

обрез 7.jpg

Айта кету керек, Мемлекет басшысының қатысуымен өткен инвестициялық дөңгелек үстелді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ АҚШ Сауда палатасымен бірлесіп ұйымдастырды.

Қазақстан мен АҚШ арасындағы ынтымақтастық кеңейтілген стратегиялық әріптестік сипатында екенін атап өткен жөн.

АҚШ – Қазақстан экономикасына ең ірі инвесторлардың бірі. Тәуелсіздік жылдарында АҚШ-тан Қазақстанға тікелей инвестицияның жалпы ағыны $57,5 млрд-қа жетті. Сонымен бірге, 2022 жылдың бірінші тоқсанында ағыны шамамен $1,9 млрд құрады, бұл сәйкес кезеңмен салыстырғанда екі есе көп. 2021 жылы (933 млн доллар).

Қазір Қазақстанда АҚШ капиталының қатысуымен 600-ге жуық бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.