KASE Индексінің мәні қазан айында 0,8% өсіп, айдың соңына қарай 5 213,61 тармақты құрады.
Қазан айында индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 12,1 млрд теңгені құрады, бұл қыркүйек айындағы көрсеткіштен 2,7 млрд теңгеге жоғары. Сауда-саттықтың ең көп көлемі Қазақтелеком АҚ жай акцияларына тиесілі болды – 3,1 млрд теңге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің 25,5%).
2024 жылдың қазан айының қорытындылары бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 31,7 трлн теңгені (64,8 млрд доллар) құрады, бұл өткен айдың осындай көрсеткішінен 170,2 млрд теңгеге немесе 0,5% жоғары.
Қазан айында акциялармен сауда-саттық көлемі 18,1 млрд теңгені құрап, қыркүйекпен салыстырғанда 67,2% немесе 7,3 млрд теңгеге өсті. Қазан айында акциялар сауда-саттығы тек қайталама нарықта өткізілді. Сауда-саттықтың орташа күндік көлемі 823,3 млн теңгені, мәмілелердің орташа күндік саны – 6 028, бір мәміленің орташа көлемі – 136,6 мың теңгені құрады.
Инвесторлардың негізгі санаттарының ішінде қайталама нарықта жеке тұлғалардың үлесіне акциялармен мәмілелердің жиынтық көлемінің 67,3 %, банктердің үлесіне – 0,3 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 14,4 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 1,3 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 16,6 % тиесілі болды. Бейрезиденттердің үлесі 9,6 %-ды құрады.