Қазан айында жеке тұлғаларға берілген несие қыркүйекпен салыстырғанда 6% төмендеп, 1,3 трлн теңге болды, деп жазады Бірінші несие бюросы.
Көрсеткіштің төмендеуіне кепілсіз тұтынушылық несие әсер етті. Несиенің бұл түрі қыркүйекпен салыстырғанда 17% аз беріліп, 783 млрд теңге болды. Бұл сегменттегі соманы төмендеткен – берілген несие санының азаюы: қазанда 2,7 млн келісімшарт жасалған, бұл өткен айға қарағанда 22% аз, сондай-ақ 2023 жылдың қыркүйегінен бергі ең төменгі көрсеткіш.
Ал автонесиелеу, керісінше, жақсы жүрген: несие беру көлемі қыркүйекке қарағанда 32% артып, 184 млрд теңгеге жетті. Келісімшарт саны да осы шамалас динамиканы көрсетті: 23,3 мың дана, бір айда +29%.
Ипотекалық несие беру төртінші ай қатарынан 200 млрд теңгеден жоғары деңгейде тұр: осы айда 220,1 млрд теңге болды, қыркүйекке қарағанда +9%. Келісімшарт саны 11% өсті, 12,9 мыңға жуық, оларды 12,8 мыңнан астам қарыз алушы рәсімдеген. Жалпы ипотеканың портфелі 1 қарашаға қарай 6,4 трлн теңгеге жетті, бұл сомаға 612 мың келісімшарт пен 585 мың адам кіреді.