Қазақстан қор биржасы АҚ (KASE) 2023 жылдың қазан айындағы қызметтің негізгі қорытындылары туралы хабарлайды :

  • 2023 жылдың қазан айында KASE-де сауда-саттықтың жиынтық көлемі 42,8 трлн теңгені құраып, қыркүйекке қатысты 8,2% немесе 3,8 трлн теңгеге төмендеді.
  • Қазан айының қорытындысы бойынша KASE Индексінің мәні 1,7% төмендеп, 4 035,12 тармақты құрады.
  • Акциялар нарығын капиталдандыру 2,6%, 26,3 трлн теңгеге дейін төмендеді, сатылатын корпоративтік борыш көлемі 0,3%, 13,8 трлн теңгеге дейін өсті.
  • 2023 жылдың 01 қарашасындағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 226 эмитенттің 622 атаудағы мемлекеттік емес бағалы қағаздары болды.
  • 2023 жылдың 01 қарашасындағы жағдай бойынша Орталық депозитарийде жеке тұлғалардың 685,3 мың дербес шоттары болды. қазан айының қорытындысы бойынша жеке тұлғалар 5 906 жаңа дербес шоттарын тіркеді.

2023 жылдың қазан айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 26,3 трлн теңгені (55,7 млрд USD) құрады, бұл өткен айдың ұқсас көрсеткішінен 706,3 млрд теңгеге немесе 2,6% төмен. Төмендеу негізінен индекстік акциялар бағасының өзгеруіне байланысты.

Қазан айының соңында KASE сауда-саттық тізімінде 84 эмитенттің 99 атаудағы акциялар болды, оның ішінде екі эмитенттің екі атаудағы акциялар "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілді. Есепті айда баламалы алаңның KASE ресми тізіміне "ALTYN SAMRUK QAZAQSTAN" АҚ-ның жай және артықшылықты акциялары енгізілді. Қазан айында KASE ресми тізімінен эмитентінің бастамасы бойынша "First Heartland Securities" АҚ жай акциялары алынып тасталды.

Қазан айында акциялармен сауда-саттық көлемі 27,2 млрд теңгені құрап, қыркүйекке қатысты 55,4% немесе 33,8 млрд теңгеге төмендеді. Бұл ретте мәмілелер саны 28,8%, 82 597-ге дейін өсті. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 1 296,9 млн теңгені (қайталама нарықта – 646,8 млн теңге), мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 3 933 (қайталама нарықта – 3 933 мәміле), бір мәміленің орташа көлемі – 329,7 мың теңгені (қайталама нарықта – 164,5 мың теңге) құрады.

Бастапқы нарық көлемі 13,7 млрд теңгеге бағаланады. 2023 жылдың қазан айында "Phystech II" АҚ 13,7 млрд теңге сомасына бір акция үшін 1 000,00 теңге бағамен 13,7 млн жай акция орналастырды. "KEGOC" АҚ SPO шеңберінде 3,9 млн теңге сомасына акцияларды басымдықпен сатып алу құқығын іске асыру жолымен 1 482,00 теңге бағасымен 2 631 жай акцияны орналастырды.

Қайталама нарықта қазан айында сауда-саттық көлемі 13,6 млрд теңгені құрады, бұл қыркүйек айындағы көрсеткіштен 77,7% немесе 47,4 млрд теңгеге төмен.

Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары арасында жеке тұлғалардың үлесіне акциялармен мәмілелердің жиынтық көлемінің 48,7 %, банктердің үлесіне – 6,9 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 14,3 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 7,5 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 22,6 % тиесілі болды. Резидент .стердің үлесі 13,7 % құрады.

KASE Индексінің мәні қазан айында 1,7% төмендеп, айдың соңына қарай 4 035,12 тармақты құрады.

2023 жылдың қазанында индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 12,7 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылдың қыркүйегіндегі көрсеткіштен 78,9% немесе 47,5 млрд теңгеге төмен. Сауда-саттықтың ең көп көлемі – 5 209,5 млн теңге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің 41,1%) "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ – ның жай акцияларына тиесілі болды. 

Айдың қорытындысы бойынша өсім көшбасшысы 14,4% нәтижесімен "Банк ЦентрКредит" АҚ акциялары болды. Қазан айында банктің акциялары бірде-бір сауда-саттық сессиясын минуспен жаппады. Ағымдағы жылы халықаралық рейтингтік агенттіктер ЦКБ рейтингтерін синхронды түрде көтерді: SP Global Ratings ВВ-ға дейін – болжам "Тұрақты", Moody's – Ва3 "Позитивті" .

Айдың қорытындысы бойынша өсу қарқыны бойынша екінші орында – 4,0 % нәтижесі бар "ҚазТрансОйл" АҚ акциясы. 13 қазанда компания ағымдағы жылдың тоғыз айында магистральдық мұнай құбырлары жүйесі бойынша бөлек тасымалданған мұнай көлемінің 8%, 32,4 млн тоннаға дейін өсуі туралы есеп берді. Елдер бойынша экспорт бағытын әртараптандыру бойынша жұмыстар жалғасуда: Ақтау портынан қазақстандық мұнай экспорты 53% өсті, биыл Германияға 589,6 мың тонна мұнай жеткізілді, Өзбекстан Республикасының аумағына 79,7 мың тонна Ресей мұнайы тасымалданды.

Есепті айда "KEGOC" АҚ 2,7% өсіммен үздік үштікті жабады. Бір ай бойы компанияның SPO-ға қатысуға өтінімдер жиналды. 28 қыркүйектен 27 қазанға дейін қолданыстағы акционерлерден басым сатып алу құқығы бойынша өтінімдер жиналды және 16 қазаннан 02 қарашаға дейін жай акциялардың жария ұсынысы шеңберінде өтінімдер жиналды. 07 қарашада өтінімдерді қанағаттандыру туралы шешім қабылданды, 09 қарашада – өтінімдер бойынша есеп айырысу. SPO шеңберінде компания бір акция үшін 1 482,00 теңге бағамен 15,3 миллион акция орналастыруды ұсынды және 22,7 млрд теңге тартты. SPO қаражаты Қазақстанның БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін нығайтуға бағытталатын болады.

Kaspi-kz АҚ-ның жай акциялары бір айды 2,6% төмендетумен аяқтады. 20 қазанда Kaspi.kz АҚ 2023 жылдың тоғыз айындағы нәтижелер туралы есеп берді, оған сәйкес таза пайда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 50% өсті. Негізгі табыс әкелетін бағыттар маркет-плейс және финтех-сервистер болды. Kaspi.kz сонымен қатар АҚШ-тың Бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясына американдық биржада бағалы қағаздарды орналастыруға қатысты өтініш бергені туралы хабарлады. 100 миллион долларға ЖДҚ кері сатып алудың жаңа, алтыншы бағдарламасы жарияланды. 

27 қазанда "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ 2023 жылдың тоғыз айындағы операциялық нәтижелерін жариялады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мұнай мен газ өндіру тиісінше 9,0% және 17,9% өсті, мұнай тасымалдау 7,8% өсті, қазақстандық МӨЗ-де көмірсутек шикізатын өңдеу 1,3% төмендеді. Оң операциялық есепке қарамастан, компанияның бағалы қағаздарының құны мұнай бағасының төмендеуі аясында бір айда 3,9% төмендеді. 

"Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ-ның жай акциялары оң жаңалықтар фонына қарамастан бағамен 5,7% төмендеді. Компания 2023 жылдың тоғыз айында операциялық нәтижелерді ұсынды: өндіріс көлемі 1%, 15,3 мың тоннаға дейін, сату көлемі 8%, 13,3 мың тоннаға дейін төмендеді, бұл ретте сату бағасы бір фунт үшін 13%, 48,3 долларға дейін өсті. Сондай-ақ, Компания 2023 жылдың соңына дейін кірістер бойынша болжамдарды 1,3-тен 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғайту жағына қарай қайта қарады.

2023 жылдың қазанында KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі 0,3 %-ға немесе 38,0 млрд теңгеге 13,8 трлн теңгеге (29,2 млрд USD) дейін өсті.

2023 жылдың қазан айының соңында KASE ресми тізімінде 95 эмитенттің 383 корпоративтік облигациялар шығарылымы болды. 2023 жылдың қазан айында KASE ресми тізіміне сегіз эмитенттің корпоративтік облигацияларының тоғыз шығарылымы (оның ішінде бесеуі жаңа) енгізілді: бір шығарылым бойынша "Birinshi Lombard" ЖШС, "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС, "KazWind Energy" ЖШС ("КазВинд Энерджи"), "ALTYN SAMRUK" АҚ Qazaqstan", "Start Industries" ЖШС, "Эмир Құрылыс Астана" ЖШС, "Saulet Construction Astana" ЖШС және "аФинанс микроқаржы ұйымы" ЖШС екі шығарылымы.

2023 жылдың қазан айында KASE ресми тізімінен бес эмитенттің корпоративтік облигацияларының бес шығарылымы алынып тасталды: "Еуразиялық банк" АҚ бір шығарылымы бойынша және Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ еншілес ұйымы айналым мерзімінің аяқталуына байланысты, "UzAuto Motors" АҚ, "Узнацбанк" АҚ және "TAS FINANCE GROUP" МҚҰ" ЖШС халықаралық облигацияларының бір шығарылымы бойынша.

KASE_BMY корпоративтік облигацияларының кірістілік индексінің мәні 2023 жылдың қазанында 11 базистік тармаққа өсіп, жылдық 14,53 %-ға жетті.

KASE корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі қыркүйекке қатысты 83,1% немесе 434,2 млрд теңгеге 88,4 млрд теңгеге дейін төмендеді. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 4,2 млрд теңгені (қайталама нарықта – 3,2 млрд теңге), мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 190 мәмілені (қайталама нарықта – 182 мәміле), бір мәміленің орташа көлемі – 22,1 млн теңгені (қайталама нарықта – 17,8 млн теңге) құрады.

2023 жылғы қазанда корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі 20,3 млрд теңгені құрады, бұл 2023 жылдың қыркүйегіндегі көрсеткіштен 95,4% немесе 420,8 млрд теңгеге төмен:

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығында банктердің үлесі 49,4 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың – 2,0 %, басқа институционалдық инвесторлардың – 10,4 %, өзге заңды тұлғалардың – 4,1 %, жеке тұлғалардың – 34,1 % құрады. Корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығындағы бейрезиденттердің үлесі 15,6 % құрады. 

Облигациялардың қайталама нарығындағы сауда-саттық көлемі 2023 жылдың қыркүйегіне қатысты 16,5% немесе 13,5 млрд теңгеге 68,1 млрд теңгеге дейін төмендеді.

Инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде корпоративтік облигациялардың қайталама нарығында банктердің үлесі 21,6 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың – 4,4 %, басқа институционалдық инвесторлардың – 7,5 %, өзге заңды тұлғалардың – 52,2 %, жеке тұлғалардың – 14,3 % құрады. Бейрезиденттердің үлесі 28,0 % құрады.