Қазақстанда қаржы пирамидаларына тыйым салынған, алайда алаяқтар біздің азаматтарды алдап-арбауларын тоқтатпауда. Құқық қорғау органдарының деректері бойынша 2019 жылы қаржы (инвестициялық) пирамида құрудың және оған басшылық етудің 24 фактісі анықталса, осы жылдың тек 9 айында 146 факті анықталған.
Қаржы пирамидаларын құрушылар криптовалюталармен, шетел компанияларының акцияларымен, бижутериялармен, туристік жолдамалармен және басқа да тауарлармен немесе қызметтермен сауда жасайтынын және азаматтарды өздерінің үстеме кірістілігі бар жобаларына ақша салуды шақыра отырып заңды қызмет ететіндерін айтумен болады. Алайда бұл Интернеттен жылдам әрі жеңіл ақша табу тәсілдерін іздейтін сенгіш инвесторлар үшін ірі қаржы жоғалтуларына толы.
Заманауи қаржы пирамидалары – бұл қызметтің түрлі саласының атын жамыла білетін, әсіресе Интернеттегі алаяқтық және қаржы алаяқтары. Әдетте салымшыларға келесі қатысушылардың салымдарынан пайдаға уәде етеді. Алайда тәжірибеде қаржы пирамидаларын құрушылардың мақсаттары салымшылардың қаражатын көбейту емес, жаңа қатысушылардың келуі азайған кезде олар азаматтардың барлық салған қаражатымен жоқ болып кетеді.
Қаржы пирамидалары ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жобаларға инвестиция салуды; жылжымайтын мүлік, автомобиль және басқа да мүлік сатып алуға ақша жинауға көмектесуді; сатып алуларға, қызметтерге, ойын-сауыққа және басқаға арналған қосымша бонустар ұсына отырып эксклюзивті клубқа мүшелікті; бинарлық опциондар үшін платформада қосымша табыс табуды; тұрғын-жай жағдайыңызды жақсарту үшін тұтынушылық кооперативке кіруді және т.б. ұсынуы мүмкін.
«Ашық пирамидалар» деп аталатындар бар – олар инвестициялаумен немесе бизнеспен айналыспайтындықтарын жасырмайды. Олардың негізін қалаушылар «жағалауда тұрғанда» қатысушыларға барлық қатысушыларға ақшаның жеткіліксіз болуы мүмкін екенін және тартылған барлық түсімдердің жаңа клиенттерді тарту есебінен болатындығын ескертеді.
Қаржы пирамидасы «ерекше/айырықша», «ғажайып», «пайдалы» тауарды немесе «арнайы», «шектеулі» қызметті ұсына отырып, желілік маркетингтің атын жамылуы мүмкін. Бұл косметика, сағаттар, акцияларға ақша салуды оқытудан бастап түрлі қызметтер, клуб мүшелігіне дейін түрлі курстар, круизге, саяхатқа шығуға ұсыныстар және ойын-сауықтар болуы мүмкін.
Қаржы пирамидасы, сондай-ақ консалтингтік компания ретінде жасырынуы мүмкін. Алаяқтар азаматтарға қаржы нарығында ақша табуды ұсынады, кейде ақысыз кеңес береді, ал олардың қызығушылығы клиенттің серіктес брокерде шот ашуында болып келеді. Алаяқтар инвесторларды «серіктестерге» ақша жіберуге шақырады. Кейбір жағдайларда алаяқтар клиент оларға пайданың пайызын адал беріп отырады деген есеппен ұсыныстар жасайды, бірақ болжам дұрыс болмаған жағдайда жалған консультант оған жауап бермейді. Консультациялық қызмет басқа міндеттемелерге ауыртпалық түсірмеуі керек. Егер консультант ақпаратты сатудың орнына басқа қызметтерді немесе шарттарды жүктесе, онда бұл жалған консультант болып табылады.
Егер жалған консалтинг жеткілікті дамыған аудиторияға арналған тұзақ дейтін болсақ, қаржылық сауаттылығы төмен адамдар үшін алаяқтар ақша табудың әртүрлі платформаларын ойлап тапты. Бұл жалған желілік ресурстар, онда қаржы нарығында автоматты түрде ақша табудың белгілі бір бағдарламасы жасалған және оны ойлап тапқандар оны әрі қарай азаматтарға ұсынуға дайын. Мұндай платформалар ақшаны ұры брокерге беруге сендіру міндетін орындайды.
Қаржы пирамидаларының түрлері әр түрлі болады, бірақ олардың барлығын бір нәрсе біріктіреді – алаяқтар адамдардың баю кезіндегі сенгіштігіне және ниетіне манипуляция жасайды. Қаржы пирамидаларынан қалай сақтануға болады? Иә, егер олардың негізгі белгілерін білсеңіз.
Алдау маркері
Бірінші кезекте сіз өз ақшаңызды сеніп тапсырғыңыз келетін ұйымның ақша қаражатын тарту бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензиясының болмауынан сақ болуға тиістісіз. Мұндай лицензияны Қазақстанда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі береді. Бұл ақпарат жария болып табылады және оны жеңіл түрде тексеруге болады – ол қаржы реттеушісінің сайтына орналастырылады.
Депозиттер түрінде не инвестицияларды қаржы құралдарына жүзеге асыру үшін ақша тарту қызметтің лицензияланатын түрлеріне жатады, оларды екінші деңгейдегі банктер, Ұлттық почта операторы және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары (брокерлер-дилерлер және басқарушы компаниялар) ғана жүзеге асыра алады.
Жоғары кірістілікке уәде беретін жалған ұйым - бұл азаматтар назар аударатын басты белгілердің бірі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес сіздің инвестициялардың кірістілігіне ешкім кепілдік беруге құқылы емес. Егер кепілдік берсе - олар алаяқтар!
Басқа салымшылар бұрын салған ақша қаражаты есебінен жаңа қатысушыларға ақша қаражатын төлеу; меншікті негізгі құралдардың, басқа қымбат активтердің болмауы; ұйым қызметінің нақты анықтамасының болмауы қаржы пирамидалар белгілерінің бірі болып табылады.
Ақшаны қайтару бойынша нақты ережелердің болмауы да үрейлі дабыл. Сіз өзіңіздің салған қаражатыңызды басқару және қажет болған жағдайда ақшаны алу мүмкіндігіңіз болуға тиіс.
Егер өз ақшаңызды сеніп тапсырғыңыз келетін ұйымда аталған белгілердің бірнешеуі болса, олар сізді қаржы пирамидасына тартуға тырысып жатқан-жатпағанын ойлану қажет.
Қаржы пирамидалары өзінің жарнамалық қызметін көбіне ұрандармен әр түрлі онлайн-топтар құра отырып, интернет-сайттар, әлеуметтік желілер және танымал мессенджерлер арқылы жиі жүзеге асырады. Сондықтан қаржы пирамидалары қатысушыларының әлеуметтік желілердегі және мессенджерлердегі оң пікірлеріне сенбеңіз, бұл клиенттің «қармаққа ілінуіне» бағытталған жалған ұрандар болуы ықтимал. Осындай пирамидалардың ұйымдастырушыларын, әдетте анықтау қиын, олар ұзақ уақыт бойы жасырын болып қала алады. Бұл ақша ағындарын бақылауды едәуір қиындатады және ақшаны қайтару мүмкін болмайды.
Есте ұстаңыздар: реттелмейтін ұйымдарға ақша салу одан толығымен айырылудың жоғары тәуекелінде болады.