Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, ретроспективті түрде, 01.01.2023 жылдан бастап бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің (АСР) қолданылуы қайта басталды.


Бөлшек салықтың АСР мынадай шарттарға сәйкес келетін салық төлеушілер қолдануға құқылы:


1) салықтық кезең ішіндегі жұмыскерлердің орташа тізімдік саны 200 адамнан аспайды;


2) күнтізбелік жылдағы кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы

жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 600 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайды;


3) осы режимді қолдану мақсаттарында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің тек қана біреуін немесе бірнешеуін жүзеге асырады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 22 мамырдағы № 393 қаулысы.


Төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, КТС/ЖТС-ын есептеуді бөлшек салықтың АСР-ін қолдану кезінде салық төлеуші есепті салықтық кезең ішінде салық салу объектісіне мынадай мөлшердегі мөлшерлемені өз бетінше қолдану арқылы жүргізеді:


Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша – 4 %;


КТС/ЖТС-ын есептеу үшін шығыстар сомаларын шегерімге жатқызу бойынша осы Кодекстің 242-б. 3-2-т. нормаларын қолданатын салық төлеушілерге тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістер бойынша – 8 % (Салық кодексінің 696-3 б. 4 т.).


Сонымен қатар, жергілікті өкілді органдардың белгіленген қызмет түріне және объектінің орналасқан жеріне қарай мөлшерлемені  (4%) 50 %-ан аспайтын мөлшерде төмендетуге құқығы бар. Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін мөлшерлемені жеке-дара азайтуға тыйым салынады (Салық кодексінің 696-3 б. 5 т.).


Мұндай шешім ол енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылданады, ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


Бұл ретте 2023 жылға ставка мөлшерін төмендету туралы мұндай шешім а.ж. 1 шілдесінен кешіктірілмей қабылданады және ол қабылданған жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


Бүгінгі таңда Қарағанды, Қызылорда облыстары және Астана қаласы бойынша жергілікті өкілді органдар мөлшерлеменің мөлшерін төмендету туралы шешім қабылдады (тізім қоса жалғанды).

 

Атауы

Шешім қабылданған күні және №

Мөлшерлеме

Қарағанды облысы

1

Абай ауданы

№ 6/58, 22.06.2023

2%

2

Қарағанды қ.

№ 56, 27.06.2023

2%

3

Қарқалы ауданы

VIII-5/51, 27.06.2023

2%

4

Нұра ауданы

№ 30, 27.06.2023

2%

5

Осакаров ауданы

№ 6/65, 27.06.2023

2%

6

Сарань қ.

№ 37, 27.06.2023

2%

7

Теміртау қ.

№ 6/7, 30.06.2023

2%

8

Бухар-Жырау ауданы

№ 9, 27.06.2023

2%

9

Шахтинск қ.

№ 269/4, 27.06.2023

2%

10

Ақтоғай ауданы

 № 49, 27.06.2023

2%

11

Шет ауданы

№ 3/34, 26.06.2023

2%

12

Балхаш ауданы

№ 5/52, 30.06.2023

2%

13

Приозерск қ.

№ 6/42, 27.06.2023

2%

Қызылорда облысы

14

Жалағаш ауданы

№ 4-4, 27.06.2023

2%

15

Жаңақорған ауданы

№ 52, 27.06.2023

2%

16

Қазалы ауданы

№ 52, 30.06.2023

2%

17

Қармақшы ауданы

№ 53, 23.06.2023

2%

18

Қызылорда қ.

№ 45-5/1, 30.06.2023

2%

19

Арал ауданы

№ 69, 23.06.2023

2%

20

Сырдария ауданы

№ 41, 30.06.2023

2%

21

Шиелі ауданы

№ 4/2, 27.06.2023

2%

Астана қ.

22

Астана қ.

№ 50/5-VIII, 30.06.2023

3%