Қазақстанда макарон, кеспе және басқа да кускус өндірісі соңғы бес жылдағы ең төменгі деңгейге дейін төмендеді. Статистика бюросы мәліметінше, биыл шілдеде отандық кәсіпорындар 10,4 мың тонна осындай өнім шығарды. Бұдан төмен көрсеткіш соңғы рет көрсеткіш 2018 жылдың шілдесінде (10,2 мың тонна), оған дейін – 2016 жылдың қаңтарында (10 мың тонна) болған. Салыстыру үшін: 2022 жылы орташа айлық өнім шамамен 13,8 мың тоннаны құрады.
Жалпы 2023 жылдың 7 айында Қазақстанда 87 мың тонна макарон өнімдері өндірілді. Ал бұл бір жыл бұрынғыдан 7,5 мың тоннаға немесе 7,9% аз.
Қант өндіру үшінші ай қатарынан төмендеп, сәуірдегі 29,2 мың тоннадан шілдеде 17,4 мың тоннаға дейін төмендеді. Ал қазіргі көрсеткіш 2022 жылдың ақпанынан бергі ең төменгі деңгейде. Былтыр жылдың көктемінде бұл өнім айтарлықтай тапшы болып, бағасы күрт көтерілгені есімізде. 2023 жылдың қаңтар-шілде айларында өндіріс өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,3% төмендеді.
Шай мен кофе өндірісі де төмендеді. Шілдеде – 1 мың тоннадан сәл астам болды. Соңғы 10 жылдың ішінде тек 2017 жылдың желтоқсанында ғана 0,9 мың тонна өндірілген. 2022 жылы орташа айлық өнім 1,4 мың тоннадан асты.